11-қаңтар халықаралық рахмет күні!

Бүгін, яғни 11 қаңтар, халықаралық "рахмет" күні!

Бұл күнді жылдағы ең сыпайы күн десе болады. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Көптеген туристтік жол-сілтемелерде рахмет сөзін ерекше көрсетіп, тіпті, оны сол тілге тән акцентпен айтылуын ерекше атап өтеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Орыстың "спасибо" сөзі 16 ғасырда  «спаси Бог» дегеннен шыққан екен. Ағылшындардың  «Тhank you» тіркесі де жай алғыс айту сөздері ғана емес екен. Осыған қарап, қай тілде болмасын, рахмет сөзі әр халықтың тіл мәдениетінде үлкен орын алатыны көрінеді. Психологтардың айтуы бойынша, алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...

Айтпақшы, РАХМЕТ !!!

 

Құттықтаймыз! 11.01.2015 жариялады

3 пікір

Ешқашан естімеген "рахмет күні" бар екенін білдіргенің үшін РАХМЕТ :)

Суретте қазақша неге жоқ?

қазақша жазбадыңыз ба?
116,250 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы