Түсіндіретін шамам жоқ

Республикамызға танымал ақын, халықаралық "Шабыт" фестивалінің лаурияты, поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар "Жанарымдағы жазулар" жыр жинағының авторы Салтанат Смағұлованың жаңа жыр топтамасымен таныс болыңыздар.

 

Түсіндіретін шамам жоқ

Аллаға күмән келтіріп көрген емеспін,
Арбай алмай жүр,
Алдай алмай жүр елес күн!
Адамның бәрі бауырым менің.
Сіз құсап,
Аялай алған жоқ ешкім.

Қанаты әппақ періштем менің шығарсыз,
Айырамын деп ауыз аштырса үн арсыз!
Оңаша қалып ойымның бәрін билеп ап,
Өлең оқуға құмарсыз.

Толқыған өзім,
Сезім, мұңымның аралы,
Толқындай шашым иығыңызды жабады.
...Бағымды ашар анам мен балам бар ғой, тек,
Бабымды қалай табады?

Дертіме шипа болып жүр Алла берген ем,
Көзіме қарап тұрсаңыз ұзақ... емделем.
Мін тағар мүмкін мұңайып қалған, қайтейін,
Сын етер сүйіп көрмеген.

Кім? Кім?
дескендер,
Көңілімізде алаң көп.
Жебесі болса тигізсе екен маған дөп.
...Құрбандық десе жанымды алсын,
себебін,
Түсіндіретін шамам жоқ.

 

* * *

Арманым сынды екенсің...

Мақпал түн, жұлдыз, ай бәрі,
Болмайтын шығар бірі тең.
Жаның да сенің жайдары,
Не деген көркем жігіт ең!

Жаутаңдап жүрген жас жанар,
Табар ед сенен бар емін.
Бөтен ойларға тас қамал,
Тартымды неткен жан едің!

Шуақты күннен бетерсің,
Үндемей тындым мен іштен.
Арманым сынды екенсің,
Түр - тұлғаң түгел келіскен.

Ізгі ойға АЛЛАМ жарытқан,
Тарылмас болар тынысың.
Жақсылық бойға дарытқан,
Құдайдың сүйген құлысың.

Сызылта әуен қосып ең,
Көңілдің тауып пернесін.
Бір медет менен тосып ең,
Қайтейін... Сен де пендесің.

Бақыт тұрса да басымда,
Дүбіріне ердім дүрмектің.
Жүрсең де күнде қасымда,
Осының бірін көрмеппін.

Шарықтап жүрген көңілдің,
Жалауын жерге түсірдім.
Қара мен ағын өмірдің,
Сен кеткен кезде түсіндім.

 

* * *
Төс қалтаңда жыр жазатын дәптерің,
Маған ғана бұйыратын бақ па едің?
Алма кезек сыр ашамыз.
Ол менің-
Ең жақұтты, ең бақытты сәттерім.

Бағың басым,
Барым, нарым, еңселім.
Саған ғана жылап алам жеңсе мұң.
Қалам ұстап жүрдім, оңған кезім жоқ,
Қабырғаң боп қалам түбі мен сенің!

Көктем жақын...
Аңқып тұр ғой қыр жусан,
Кірбіңімді ақ жауынмен бір жусам.
Босағаға кие болар келін боп,
Домбыраңа ие болар ұл тусам.

Кім не дейді?!
Жарасқандар десе ме.
Уыз ғана толтырамын кесеңе.
Менің сөзім – сезімім ғой, сезімім,
Алла қайыр қылар десең еселе.

Таңым атты!
Тәубе қылдым Хаққа мың.
Жақыным – сен, көрінеді жатқа мін.
Жанарыңнан жыр оқыдым.
Ол менің -
Ең шуақты, ең шырайлы шақтарым.

 

* * *
Ақ көйлегiм үстiмде,
Алауладым!
Жүрек пенен жыр едi бар айғaғым.
Тығып қойсам деп едiм бақытымды,
Тағып қоя алмадым жанарғa мұң.

Қызыл жейде кигенiң,
Лапылдадың!
Жанып кетсем кетейiн, мақұл, жаным.
Қолыңнан ұстауыма қатар тұрып,
Менiң ғaна бiлемiн хақым барын.

Кеудеме кеп кадалғaн асыл үмiт.
Болып кеттi көп жылғы жасым ұмыт!
Мойындауғa дәрмен жоқ,
Өзге түгiл,
Өз өзiмнен жүр едiм жасырынып.

Жерде бәлкiм адам көп iзгi жаны?
Кузде қалып қоймады күздiң әнi.
Бiз жарасып кеттiк пе,
Жырдан, қырдан,
Неге бipге көредi бiздi бәрi?!

 

* * *
Мен – ақынмын!
Әйелдігім кескінім.
Өзге тірлік еншілейді бес күнім.
Кеше кешке өз өзімді біреуден,
Соры қалың екен ғой деп естідім.

Ақиқаты -
Маған артық «керек» деу,
Өлең жазбау -
Өз өзімді өр етпеу!
Бір айыбым өмір сүрдім дегенім,
Адамдардың айтқанынан бөлектеу.

Жазам десең -
Қырды күйге бөлеп көр.
Жазар десең -
Кері шегін бер өткел.
Басымды бұлт торлап тұрса ол дағы,
Менің өлең жазуыма себепкер!

Бірі жақтап,
Бірі даттап.. көріпкел,
Барымды аңдып алас ұрып желікті ел.
Ғайбат айтып айбат қылған пақырға,
О, жаратқан, бақ-сорымды бөліп бер!

Мен – ақынмын!
Атағым жоқ, арым бар.
Тәңір маған жыр сыйлады таңымда әр.
Айдын көлде алас ұрып аққулар,
Мен кеткенде..
Қиқу ете қалыңдар!
Бір шу ете қалыңдар!

 

* * *

Көктен түссе ғой,
Қазip түссе ғой жерге нұр,
Көзiмнiн алды ағapғaй..
Бегiмнiң сөзiн қайталар болсам бейне бip,
Жүрегiм тоқтап қалардай.

Бұлыңғыр тартса көзiме мумкiн сенбеспiн,
Жүректi қалай жұбатам?
"Бақыт" дегенiм мен үшiн ендi келмес күн,
Сонда да қатты ұнатам.

Жыласам ба екен..
Жағaмды жыртып жең құрап.
Қоштасар сәтте не деймiн?
Ол айтса айтар.
Өзiмдi алдап мен бipак,
Дос болып қалдық демеймiн.

Өкпесi несi,
Наздана тiптi алмаймын,
Айтар ой, сөзiм өлеңде.
Бақ-құтым едi.. боламын десе бар қайғым,
Өз обалымнан көрем де.

Ақ желекпенен жүзiмдi жаптым тұнжырап,
Бағыма бегiм еге едi.
Алаштын ұлы алқынып қалды, бip кұлап,
Торкөзбен көргiм келедi.

 

* * *

Жақсыны көрдiм, жаманды көрдiм,
Көзiм бар.
Сабыр мен сана кipгiзедi екен сезiмге әр.

Алқалы топты бастар болсам да жиi егер,
Ерiмнен асып сөз сөйлемейтiн кие бер.

Оңымнан мейлi туар болса да күн, айым,
Бегiме келiп басымды иiп тұрайын.

Титтей қызығын төбедей етiп көрейiн,
Кеткенiн кеттi, өткенiн өттi демейiн.

Шалқайған сәтте қалқыса көкте жыр кетпей,
Шалдыққан шақта жағaсын жүрсем кipлетпей.

Ниетiм осы,
Нәпсiмнен қойсам жоғары,
Аппақ арманның орындалғaны болады.

Поэзия 22.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы