"НЕГЕ ӨЗ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ АРЫСТАНЫ БОЛМАЙМЫЗ?"

Сарыарқадағы қазақ өнерінің қара шаңырағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі, "Пеш" фильмінде басты рөлді ойнаған актер Бекмұхаммед Киекбаев ағамызбен сұқбат.

- Сәлеметсіз бе, Бекмұхаммед аға! Өзіңіздің балалық шағыңыз жайлы айтып берсеңіз.

- (күліп) Балалық шақта не істедік? Әке-шешеме көмектестім. мал бақтым, қой бақтым. Тарбағатай тауының сай-саласын зерттеп, шапқылап өстім. Кейде жігіттерге мақтанам ғой, "сендер менің неге талантты екенімді білесіңдер ме?" - деп. Өйткені, мен бала кезімнен табиғатпен араластым. Тарбағатай тауларымен сөйесіп өскен жанмын. Әлі күнге дейін риза болам балалық шағыма.

- Аға, тума талан мен уақыт өте келе қалыптасқан талант иелері жайлы не айтасыз?


- Негізі, қазақта жеті атаң, он екі атаң, тектілік жайлы жиі айтып жатады. Сондай қаныңмен сіңген талант ол ешқандай еңбекке де, білгендікке деқарамайды. Ол талант бөлек талант. Ол сенің бойыңдағы қасиет. Адам жүз сексен пайыз еңбек етіп, сахнадағы өнер адамы болған күннің өзінде де табиғи, қанында бар өнер адамына жете алмайды. Бірақ өзінің қажетті бір деңгейіне көтерілуі мүмкін. Тума талант ол тума талант! Ондай тума талантты азаматтар бар.

- Қазіргі қоғамда көңіліңізді не алаңдатады?

- Қазіргі қоғамда көңіл алаңдататын жағдайлар көп. Біздің, қазақ деген халықтың болашақта қандай болатыны. Батырмыз десек батырлығымыз үй арасында ғана. Біз көп нәрсені орыс тілінде айтқанда "показуха"-ға айналдырып алғанбыз. Бүкіл болмысымыздың бәрі жасандылық. Жасанды нәрсе ешқашан алысқа бармайды. Тегімізге тартып туған батыр, дана болсақ неге жалғандыққа құмармыз? Бәріміз өтірікке құмармыз. Мысалы, Совет мемлекетінің шамасы жетпіс жылға жетті. Қазір биік шенді жерлерге бір-бірімізді алдаумен, өтірікпен, басшылыққа тамыр-таныстықпен, барлық ақымақтықпен жетіп алғанбыз. Ақымақ адам креслосы қанша биік болсын, ол көз алдынан әрі қарай ойлай алмайды. Көз алдындағыны ғана көреді, сосын біреудің айтқанын ғана істейді. Бұл елдің болашағына өте қауіпті.

- Жасандылық деп айтып отырсыз. Қазір барлығы дерлік жасанды болып барады. Ал жаһандану театр сахнасына қаншалықты әсер етіп отыр?

- Осы сұрақта еріксіз күлем. Жасандылықты, анау-мынауды, керексіз жақтарды көп пайдаланамыз. Өнер деген - құбылыс. Бетховенді, Моцертті анау еді, мынау еді деп айта алмайсың. Қазақ театрларына қарасам өзгерейін, жаңарайын деген әңгіме жоқ біздіниет басқармасы, сосын әкімге бағынатын өнер ол- өспейтін өнер. Жаһанданбайтын өнер. Мәдениет басқармасында кімнің танысы бар сол директор, көркемдік жетекші. Біреудің арқасында келген адам кең ойлана алмайды. Оған ешкім ойлануға уақыт бермейді. Өзіне тапсырылған міндетті ғана атқарады. Мұның өнерге кедергісінен басқа пайдасы жоқ. Өзінше бірдеңе қойған болады. Бірақ бүкіл бір елдің өнерін өлтіріп жатқанын білмейді. Өнерді сүйген адам атаққа таласпайды, таныс іздемейді.



- Театрды өмірдің айнасы деп жатамыз. Театр бізге өмірді қаншалықты деңгейде көрсетіп жатыр?

- Шынын айтсам білмеймін. Ежелгі гректерде қоғамдағы теріс құбылыстарды айтып, көрсетіп, бетіне басып кароль ма, карольді ойнап мінеп-сынайды. Сенатыңды, депутатыңды жасайды. Теартда өтелке ұстап, стақанымызды көтеріп, екі үстеллдің айналасынан шыға алмай жүміз. Айналып келгенде сол бір есеп беру, қағаздың арасында, қағазбастылықпен жүрміз. Өнердің ауылы алыс

- Отандық телеарналардан театр өнерін насихаттайтын бағдарламалар жоқтың қасы.

- Қазір телеарналарда шоу көп."Ұлттық шоу", Қазақстан даусы", "Дала даусы" әйтеуір ән салып жатыр бәрі. "Х факторың"бар, "Жас қанатың" бар онда да ән. Қазақта айтады, "заманың түлкі болса, тазы боп шап" - деп, Біз неге заманды түлкі қылуымыз керек? Біз неге еңбек етіп өз заманымызды арыстан қылмаймыз? Неге өз заманымыздың арыстаны болмаймыз? Осындай бағдарламар тұрғанда, театр жайлы бағдарлама кімге керек?! "Заманың түлкі болса, тазы боп шап" - дейміз де өзімізді де, өзгені де жұбатамыз.

- Жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

- Жастардың бойынан рух көргім келеді. Рухты, намысты қыз-жігіттеріміз болса... Қазір көбісі отырып алып Мағжанды айтады, Абайды айтады. "Мен эжастарға сенемін!" - деп жай жайзан жоқ. Оны еңбек ет, ізден, тап, рухыңды өсірдеп намысты жастарға жазған. Жеңіл әзілге күліп, жеңіл жүрген адам ешқашан терең ойлана алмайды.



- Соңдарыңыздан келе жатқан жас әртістердің қарым-қабілетін қалай бағалайсыз? Театр сахнасына жеңіл келіп жүрген жоқ па?

- Театрға келгенде атақ алсам, танымал болсам деп келеді. Ең алдымен өнерлі бол. Өнеріңе адал бол. Сонда, танымалдылық та, атақ та өзі келеді. Біздің қателігіміз өнер іздеп қумаймыз, атақ қуамыз. Жастарымыз содан сақтануы керек.

- Театр ұжымымен гастрольдік сапарда жүресіз. Отбасыңызда ешқандай қиындықтар туғызған жоқпа?

- Жоқ. Ондай нәрсеге көп көңіл аудармаймын. Әйелім да өнер адамы. Ол да кетеді, мен де кетемін. Екеумізде барып келген жағымыздан үлгі тұтарлық, үренерлік бірдеме әкеліп жатсақ болды. Босқа барып екі "дубленка" көтеріп келгеннен жақсы.

- "Пеш" фильмінде бас рөлді сомдадыңыз. Алдағы уақытта басқа киноларға түсу жоспарыңызда бар ма?

- Егер фильмге түсуге шақырып жатса түсемін. Қазір Қырғызстанда бір фильмге түсіп жатырмын. Басты рөлдердің біріндемін. Алла қаласа жақын арада шығуы керек. Егер жақсы актер екен деп киноға шақырып жатса барамыз. Ал енді шақырмаса ешкімге назаланатын жайым жоқ. Менің өнерім ол менің - жүрегім.

- Сахнада жүргендегі қызықты оқиғаңызды айтып берсеңіз?

- Үлкен бір әртістер мемуар жазғанда есіне түсіріп жатады. Әзірге ондай қызықты оқиға есімде қалмапты.

- Аға, сұқбатыңызға рақмет! Еңбегіңіз жемісті болсын.

Сұқбаттасқан МАРАЛ ҒАНИБЕКҚЫЗЫ.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 22.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы