Интернетке тәуелді жастар

интернет

Қазіргі ХХІ ғасырда технология қарқынмен дамып келеді. Иа оның қарқыны көз ілестірмейді. Сол қарқыннан бізде қалмай бірге ілесіп келеміз. Қазақстанда технология Америкадағы секілді дамыған жоқ. Американың технологиясына жету үшін бізге 20 жыл алдыға секіру керек. Дегенмен 1991-де тәуелсіздік алған біздей жас мемлекетке бұл да үлкен жетістік. Ал енді қазіргі басты проблема бұл - қазіргі жастардың интернетке тәуелділігі.Жастар шыңы керек күндіз түні компьютердің алдынан шықпайды. Тамақ ішсе де осы компьютердің алдында жей салатын жастарымыз көбейді. Интернеттегі ойындарға құмарлық көп пайда болды. Мысалы үшін әр адам интернеттің  кез-келген сайтына кіріп қалса ондағы суреттерден қасында отырған адамнан ұялып отырасын. Ал оған балалар кіріп көрсе не болмақ? Қазіргі жастардың тағы бір интернетте отыру себебі бұл - әлеуметтік желі. Бұрын агент ауру болып еді қазіргі ауру бұл: вконтакте,ватсап,твиттер, инстаграм т.б көптеген түрлері бар. Сол әлеуметтік желіге кіретін жастар бір нәрсені ескерсе : әлеуметтік желідегі достар ешқашан шың досқа айнала алмайды. Сонымен интернетте ұзақ уақыт отыратын достарым ең бірінші денсаулықты ойлау керек. "денсаулық мол байлық" дейді компьютер, ұялы телефон жеген көзді бізге ешкім қайтара алмайды!!!! Интернетте көп отырғанша сол алтыннан қымбат уақытты спортқа жұмсасақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.....

Интернет қолданушы үшін 21.02.2015 жариялады

3 пікір

Мен Интернетте көп отырамын. Себебі, жұмысым соған тікелей байланысты. Одан бөлек: жаңалықтар оқимын, фильмдер көремін, жаңа программалар іздеймін.
Қате жоқ )) Интернет, программа - олар халықаралық терминдер.
Онсызда бұл мәселе жайлы толып жатқан бөспе әңгімелер бар, мұнда отырып алып, айғай салып, революция жасайтын адамның кейпін танытудың қажеті жоқ болар.

Біле білсеңіз, бұл нәрсе ешқашан жойылмайды. Адамзат баласының болашағын компьютерсіз елестете алмайсыз, өйткені оның пайдасы шаш-етектен. Ал компьютердің құрымауы - әлеуметтік желілердің де жойылмауы деген сөз.
Сондықтан құр босқа жаңалық ашпаңыз.
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы