Интернет арқылы Халық банк шотындағы ақшаңды қалай көруге болады?

Сәлеметсіздер ме, құрметті СЖ блогының оқырмандары! Бүгін мен сіздерге жалақыңызды интернет арқылы қалай тексеруге болатындығы жөнінде жазғым келіп отыр.

Өз басым Қазақстанда көптеген мекемелер өз жалақыларын "Халық банкінен"  алады деп ойлаймын. Банктің клиенттерінің көбісі жалақыларын көру үшін банкоматқа келеді. Мысалы, банкомат аудан орталығында орналасқан болса, ауылдағылар карточкасын біреуден беріп жібереді. Егер сіздің ауылыңызда интернет болса, сіз өз жалақыңызды үйде, ауылда жүріп-ақ тексере аласыз. 

Ол үшін не істеу керек?

1. Халық банкінің мобильді банкинг деген қызметін қосуыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін. Яғни телефон номеріңізді банкомат карточкаңызға бейнелеп айтқанда "байлап" қоясыз.
Оны қалай байланыстыруға болады? Банкоматтан услуги (қазақшасы "қызметтер") таңдап Мобильді банкинг-ті басасыз.

 

Мобильді банкинг




Содан соң ТЕЛЕФОНДЫ ҚОСУ (ДОБАВИТЬ ТЕЛЕФОНА) дегенді басасыз.

ХАБАРЛАМАСЫ ЖОҚ ПАКЕТ-ТІ таңдайсыз. Яғни мұнда айына ақша алмайды. Ал хабарламасы бар пакет дегеніміз - айына ақша жейтін пакет.
Сөйтіп ары қарай әрекеттегі номеріңізді жазып карточкаға "байлап" қоясыз.
Содан кейін myhalyk.kz сайтына кіріп  қызылмен боялғанды басасыз


Карточкаңыздағы номерді жазып суретте көрсетілген сандарды жазыңыз.
Сіздің "байлап" қойған телефон номеріңізге коды бар СМС келеді. Сол арқылы ары қарай жаңадан логин, пароль құрасыз да сол арқылы интернеттен қанша ақшаңыз бар, қай банкоматтан ақшаңызды қай уақытта алдыңыз , осы секілді ақпараттарды көре аласыз , сондай-ақ басқа шотқа ақша аудара аласыз Және де салық, байланыс, қайырымдылық, кабельдік теледидар қызметтерін төлеуге, коммуналдық қызметтердің ақшасын өтеуге болады (Қазіргі таңда комиссия 50 теңге).

Айтпақшы, жазба соңында айтуды ұмытып кетіппін. Осы қызмет түрі интернет-банкинг деп аталады.

Интернет-банкинг қызметі басқа да банктерде бар.

Интернет қолданушы үшін 21.02.2015 жариялады

8 пікір

Сіз мобильді банкингкті айтып отырсыз.Ал интернет банкингте қалай жұмыс істейді? Сосоын номерді карточкаға байлап қоясыз деген қайндай ол? Жапсырып қояма сонда.
Сынап көру керек екен... Жақсы жазба...

 Яғни телефон номеріңізді банкомат карточкаңызға бейнелеп айтқанда "байлап" қоясыз. 

өз телефон номеріңді банк шотыңа тіркеп қоясың. Мысалы басқа счетка бөтен адамдар сенің карточкаңмен ақша аударуы мүмкін ғой. Қауіпсіздік ретінде ақша аударымын мақұлдау үшін тіркеп қойған телефон номеріңе коды бар СМС келеді. Интернет банкинг деген осы менің жазып отырған жазбам сол туралы болып отыр.

Міне толықтай сілтеме http://kerekinfo.kz/blog/MyPay/9919.html

Халық Банкке барсаңыз, сол жердегі ақша беріп жұмысқа кірген қыздар сізге түсіндіреді. Әуелі мәбилді бәңкиңгке нөміріңізді тіркейді, сөйтіп, інтірнет бәңкиңгке әкәунұт ашып береді. Үйге барып, сол әкәунұтыңыз бойынша інтірнетке кіресіз. Піләтеже-ослогі деген пүніксиә бар. Соның ішіне кіріп, садақа да аудара аласыз. Ал егер лөгін-әкәунұтыңыз қата тәрілсә, німә... телепоныңызға сімісе геләді қата тәрілде деп.
бұл жалғыз халық банкіма менікі темір банк оныда осылай жасаймын ба? осы жайында толығырақ...
https://mybank.fortebank.com/retail/
Сонда хабарламасы бар пакетті таңдасақ ақша жеп отырады ма???МЕн мобилный банкинг деп қойып едім бірақ телефлнға келмей қойды смс(
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы