Сал дәстүрім - рухани байлығым!

Қазақ халқының салт дәстүрге бай халық екені әмбеге аян. Салт дәстүріміз атадан балаға мирас болып, ел тарихымен біте қайнасып кеткен мәдени әрі рухани азығымыз. Сол байлығымызды сақтап, құрметтеп, сол күйінде келесі ұрпаққа табыстау, біздің міндетіміз.

Бір аспан астында тұрып, бір тілде сөйлеп, бір дінді ұстансақ та, еліміздің әр аймағында салт дәстүр ерекшеленеді. Мақала, немесе пікірлер оқи жүріп көзім мына бір сөздерді жиі шалады: " Солтүстік өңір орыстанып кеткен, салт дәстүрді білмейді". Шынымды айтсам осы бір "орыстанып " кетті деген шаблон менің жүрегіме инедей қадалады. Қазақ - қазақ болып туылып, қалайша орыстанып кетеді?! Орыс ұлты көп өңір болғаннан кейін салт дәстүрді білмейді деу-  ол ойланбастан айтылған сөз деп білемін. Егер қалың мал жайында айтылған болса, иә, біздің өңірде қалың мал жоқ. Салт дәстүрдің де ескісі болады, оның үстіне біреуге ауыртпашылық келтіретін, қалтасын қағатын салт дәстүрдің не керегі бар?Біреудің оған қолы жетер, бірақ біреудікі жетпейді. Әдебиеттен талай оқиғаларды білеміз, қолдың қысқалығынан бірін бірі сүйген екі жас қосылмай кеткенін. Қалың малсыз да талай жастар тату тәтті өмір сүріп жатыр. Сондықтан бұл дәстүрімізді қолданбайды деп сөгудің еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Кішкентайымнан мәпелеп, салт дәстүрге деген құрметті бойыма сіңіріп, инабатты қылып ата - анам тәрбиелеген қазақ бойжеткенімін.Мен орыс тобында оқимын, бірде бір тойға барамын деп дайындалып жүргенмін, менімен бір топта оқитын орыс қызы "сарқыт привези " - деді, мен күлімсіреп жарайды деп басымды изедім, айт мейрамында айт қабыл болсын деп құттықтап жатады. Бұл нені білдіред?бұл  өзге ұлт өкілдерінің біздің салт дәстүрден хабардар екенін, қызығушылықпен қарайтындарын білдіреді.

Наурыз келсе, көже пісіріп, оразада ауыз бекітіп, үлкенге-сәлем , қуантқанға -сүйінші, соғымнан - сыбаға, кішіге байғазы, сәбиге - көрімдік, кедейге садақа, қуанышқа -шашу шашып өз салт дәстүрімізді құрметтейтін қазағым жасасын!

Менің ойымша, салт дәстүр ол адамның қанына сіңген нәрсе, тіпті өзге мемлекетте тұратын қандастарымыз да өз салт дәстүрлерін біліп, кейбіреулерін болсын ұстанады деп ойлаймын, сол арқылы олар ҚАЗАҚ екендерін біліп жүреді, сол арқылы олардың отанына деген сезімдері білінеді, сол арқылы олар рухани байлықтарын молайтады! Қорытындылай келе, менің айтпағым, қай жерде болмасын, ең алдымен Қазақ екеніңді ұмытпа, ал содан кейін барып, салт дәстүр әдет ғұрпыңды, тіліңді ұмытпағын ағайын!

Өз ойым 21.02.2015 жариялады

1 пікір

Келісемін. Қазіргі таңда дәстүріміз "сал" ауруына шалдыққан. Тақырып та тыңғылықты таңдалыпты.
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы