Көп ұйықтаудың зиянды тұстары

Бос уақытымыз болса, ұйқымызды қандырып алғанды бәріміз де жақсы көреміз. Алайда оның біздің денсаулығымызға зиянды екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ұзақ ұйықтау әртүрлі ауруға әкеп соқтырып, иммунитетімізді әлсіретеді. Тіпті төмендегідей ауруларға душар болуымыз да мүмкін.

1. Депрессияға ұшырау.

Өткен жылы ғалымдар осы тұрғыда тәжірибе жүргізді. Сараптама барысында 7-9 сағат ұйықтайтын адамдар 27% депрессияға ұшыраса, 9 сағат немесе одан да көп ұйықтайтын адамдар 49% дейін депрессияға ұшырайтыны анықталды. Сондықтан ұйқы депрессиямен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыздар.

2. Мидың жұмыс істеуі нашарлайды.

Тексеру кезінде тәулігіне 10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдардың миларының жұмыс істеуі нашарлайтыны белгілі болды. Ұзақ ұйқы есте сақтау қабілетіне де кері әсерін тигізеді.

3. Жүкті болудан да үмітіңіз үзілуі мүмкін.

Мұны анықтаған - бір топ кәріс ойшылы. Олар 600-ден астам әйелге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 9 сағаттан көп ұйықтаған әйелдердің бала көтеруі қиынға соғатынын айтты. Алайда оның анық-қанығы әлі қаралып жатыр.

4. Артық салмақ қосасыз.

9-10 сағат төсекте тұрмастан жататын адамдардың семіруі өте тез. Мұндайлардың саны жыл сайын өсіп келеді. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасап, уақытымен тамақтанбағандықтан осындай күйге душар болады.

5. Диабетке шалдығуыңыз мүмкін.

Осы салада 15 жылдай еңбек етіп жүрген америкалық зерттеушілер күніне 8 сағаттан көп ұйықтайтын жандар 50% диабетке шалдығуы әбден мүмкін деген ой қорытып отыр.    

6. Жүрек-қан тамырларының ауруына шалдығасыз.

Тәжірибе барысында 8 сағат ұйықтағандарға қарағанда, 9-11 сағат жастықтан басын алмай жата беретін жандар жүрек-қан тамырларының ауруларына көптеп шалдығатыны анықталды. Және ол 38% өскен.

7. Өмірден ерте өтуіңіз де ғажап емес.

7-8 сағат ұйықтайтын адамдардың өмірі 8 сағаттан көп ұйықтайтындарға қарағанда 15% ұзақ екендігін зерттеушілер тілге тиек етеді.

Ұзақ ұйықтау сіздің денсаулығыңызға зиян. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтасаңыз жеткілікті. Сонымен қатар түнгі ұйқының маңыздылығын ұмытпағайсыз. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі!
Қызықты деректер 20.02.2015 жариялады

1 пікір

Жатақханадағы студенттерге жақсы кеңес болды. Ұйқының жүктілікке əсері бар екенін білмеппін.
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,095 қолданушы