Балалық шағымның бір сәті.

Сонау 1974-75 — ші жылдар ғой деймін, ауылға бір «Котовский» — деген гайдуктер туралы кино келіп жапатармағай таласа-тармаса (бір қызығы аулымызда еңселі, кең екі клуб, күнде кино болса да адам симай, билет болмай қалып жататын, әсіресе үнді фильмі) көрдік соны. Әлгі атқа мініп, қылыш сермеген атыс — шабыс кино біздің, сол кезде қыздарға барып жүрген сойталдай — сойталдай 16-17 дегі жігіттердің делбесін қоздырғаны бар емес па? Ертеңіне Мен, Шора, Нұрпейіс, Үсен, Ахмет (соңғы екеуі марқұм болып кетті азамат, керемет көкпаршы жігіттер еді) бесеуіміз аттарымызды ерттеп, аңшы мылтықтарымызды тақымғка қысып гайдук боламыз деп ауыл сыртындағы тоғайға (неге екенін қайдам сол қалың жиделі, жанында көлі бар тамаша тоғайды орысша «Роща»- деп атайтынбыз) шықтық. Тоғайдың ортасына ене бере еш ережесіз, жөн жосақсыз орман арасында ағаштарды тасалай шапқылып жүріп атыса жөнелдік. Содан қызыққа, қызбалыққа берілгеніміз сонша өзімізбен алған оғымыз біткенше атыстық емес пе Құдай-ау. Бір кезде жау қайтарғандай, өңшең елірген ессіздер тоқтадық ау әйтеуір. Бір жақсысы бұл тірлігімізді ақыл түйсігімізбен ба болмаса Алла тауфиқ етті ма екен қайта қайталағанымыз жоқ. Қазір ойлап отырсам өзімізді айтпағанда, көл жағалай үйрек, қаз атқан, тоғай аралап қырғауыл атып жүрген адамдар толып жүр, соларды оқтан қағып бізді әбиірсіздіктен сақтаған Мейірімі шексіз Алла тағалам екен ғой, о тоба! Бұл менің балалық өмірімдегі шалалықтарымның бірі ғана.))))
Бұны жазып отырған себебім. қазіргі көгілдір экраннан беріліп жататын атыс-шабыс кино, интернеттегі небір қатыгез ойындар бала психолгиясына қалай әсер етер екен деген ойдан шығып отыр. Ең аржағы балалар мультфильмдерінің өзі адам қорқатындай. Осыдан кейін балаларда қандай мейірім, қайырымдылық болсын. Мектептегі балалар арасындағы өлімге дейін апарып жатқан қатыгездіктердің түп тамыры да осы екені анық қой. Бұны ертерек бір жолға қоятын жөнін таппасақ ертеңгі ұрпақтардан қалай қазақилық дархандық, қазақылық жылы құшақ сұрар екенбіз…

P.S. Достарымның шын аттарын жаздым, көрмегеніме жылдар болып қалды, оқыса пікірлерін жазып, жындылықтарын еске алар)))

Ақ парақтағы ойлар 20.02.2015 жариялады

3 пікір

25-те н/е 30-ға келгенiмде биографиямды жазбасам )
Ара-тұра бозбалалық-жігіттік шақтарға біз де жиі саяхат жасап тұрамыз ағасы.)  Керемет дәурен екен ғой сол шақтар!!!
Еске, ол шақтардың бір минутын алтынға айырбастап ала алмайсың.
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы