Дәметкен ...

Іштей мен оны Дәмешім, Дәмешөк, Дәмежан деп айтаймын, ал сырттай жәй ғана Дәметкен. Күндіз өңімнен, түнде түсімнен көргім келе беретін сол бір сүйкімді қыз...



Бітті, шыдамым таусылды! Осы уақытқа кейін ынжық болып келгенім жетер. Дәл қазір барамын да өзіне айтамын. Егер "иә" десе, онда бұл өмірде менен бақытты адам болмас. Егер оның "жоқ" деген жауабын естісем... Онда ол мені одан кейін енді көрмейді, тіпті, менің бар екенімді де бүкіл әлем ұмытып кетеді... Бір күні, бірнеше онжылдықтар өткеннен кейін, журналисттер кішкентай аралда жападан жалғыз, ешкіммен араласпай өмір сүріп жатырған бір адам туралы жарыса жазар, сол мен боламын.

Осы ойларымды ойлап, жылдар бойы сырттай ғашығым Дәметкенге барамын да, барлық сезімімді жайып салмақпын. Үйіне барып есігін қаққанымды, есікті Дәметкеннің өзі ашты.

- Мен сізге бір маңызды нәрсе айтуға келдім, - деп бастадым сөзімді.

- Мақұл, бірақ алдымен мені бір тігіншіге алып бар..

- Бір емес, екі тігіншіге алып барайын, - деппін қуанғанымнан.

- Жақсы, шынымен, маған екі тігіншіге баруым керек еді. Бірақ біреуінін адресін білмей тұрмын. Сен отыра тұр, мен қазір киініп келемін, - деп, үй қызметкеріне бұрылып, - менің шоферімді шақыртындар,- деді.

- Шофердің не қажеті бар? Өзім-ақ алып барамын - дегеніме:

- Ол ұзақ әңгіме, шофердің әйелі, менің бұрынғы қызметшім, көйлегімді қай тігіншіге бергенімді біледі, егер шофердің әйелі тігіншінің ардесін айтса, мен шоферімді сол тігіншіге жіберемін

- Әлгі адресін білмей тұрған тігінші ме?

- Жоқ, шатастырмаңыз, ол басқасы..

Менің күлгеніме тілін шығарып, басқа бөлмеге қарай "күте тұрыңыз" деп жүгіріп кетті. Мен үстел үстіндегі газетті бастан аяқ оқып шықтым, Дәметкен киініп жатты. Полкаға барып, бір кітапты оқи бастадым, алғашқы үш тарауын бітіргенімде, Дәметкен киініп жатты. Алтыншы тарауын бітіргенімде, Дәметкен әлі киініп болмағанын білдім. Ал тоғызыншы тарауға келгенімде:

- Сізде ілмешек табылады ма, етігімнің ілмешегін таба алмай қойдым, - Басымды шайқағанымды көріп, - Сіз неге өзіңізбен бірге ілмешек алып жүрмейсіз?

- Жақсы, ендігіде өзіммен бірге ілмешек, шаш қыстырғыш, түйме және түйреуіш алып жүретін боламын, егер сізге тағы бірденелер керек болса, алдын ала айтып қойыңыз, - дедім. Ол түсінбеген болса керек

- Қалған заттар өзімде бар, ол шаш қыстырғыш алып жүрсеңіз жақсы болар еді, олар менде жиі жоғалады. Сіз, менің ілмешегімді көрген жоқсыз ба?

- Газеттердің арасында жоқ, кітаптың арасында да, мүмкін оны да шофердан сұрап көрерміз? - дегенімде, ол мені тағы түсінбеді.

- Шофер! - терезеден айқайлап, - менің ілмешегімді көрген жоқсын ба?

Оның не жауап бергенін естімедім, бірақ ілмешекті өзім іздеу керектігін түсіндім. Бөлмесіне кіргенімде, көзім бірден кішкене ақ етікке түсті.

- Мынау етікті ма киейін деп тұрғаныңыз?

- Иә, осы, бірақ ілмешегін таба алмай ақ қойдым

- Ілмешекті тауып алуға болады, оны сатып алуға да болады, бірақ ол сізге қажеті жоқ.

- Неге?

- Сіздің етігіңіз баумен тағылады

- Иә, баумен... Шофер, болды, іздемей ақ қойыңдар, ал сіз, шыға тұрңыз, - деді ерке үнмен.

Мен іш пысқаннан кітапты алып қайта оқи бастадым. Қанша уақыт күткенімді білмедім, бір байқағаным, маужырап ұйқы қысып бара жатты, бір кезде:

- Сіз менің сырғамды көрген жоқсыз ба? - деген Дәметкеннің даусынан селк етіп ояндын.

- Көрмедім, оны көрші үйдің шатырынан іздеп көріндер, - дегенімді де шын көріп, терезеге ұзақ қарады,

- Ол жерде жоқ.

- Кілемнің астын қарадыңыз ба?

- Иә, ондада жоқ.

Мен енді ашумен оның бөлмесіне тағы кіріп келдім, - Қандай сырға? сипаттап беріңізші.

- Ол ма, ол аттың тұяғына ұқсайды.

- Аттың тұяғы? Өмірімде ондай сырға көрмеппін.

- Иә-иә, аттың тұяғы, жүрген кезінде тоқылдап тұратын ше

- Мүмкін, таға шығар?

- Иә-иә, таға, аттың тағасына ұқсайтын.

- Бірден тоқылдап тұратын деп айтпадыңыз ба, мен таға тәрізді сырғаны білемін, Есіңізде ме, оны екеуміз бір ай бұрын жөндеуге алып барғанбыз, содан кейін алдыңыз ба?

- Жоооқ... Шофер, болды, іздемей-ақ қой сырғамды.

Мені тапқыр деп таныған сон, киініп болғанынша менің ешқайда кетпеуімді сұрады. Бір кезде әтірдің астынан тартып, аша алмай тұрғанын көріп, ашудың қажет емес екенін, оның таусылып қалғанын, қасында тұрған иіс судың ашылуы оңай әрі толып тұрғанын түсіндіруім қиын болған жоқ.

Мата сататын дүкенге кіргенімізде, бізді көріп сатушы қуанып қалды да, Дәметкенге қарап қарап бір түрлі реңі бұзылып кетті.

- Маған жаңадан келген маталарыңызды көрсетіңіз, әйтпесе, сіз маған үнемі ескілерін көрсетесіз, - деп шағымданып. "Қандай надан сатушы" деп іштей ойлап үлгердім.

- Мынау күні кеше келген маталар, горох бейнеленген қара ноқаттары бар.

- Мынаның қара дөңгелектері тым үлкен.

- Онда мынау, Италиядан тапсырыспен алдырғанбыз, қара ноқаттары майда, - деп сатушы маңдайының терін сүртіп.

- Бұның қара дөңгелектері тым майда, - деді Дәметкен. Сол дүкенде кемі бір сағат маталарды араладық, біреуінің суреті тым үлкен, біреуінде тым кіші, тіпті, суреті тым орташа болған үшін де Дәметкен ұнатпады. Сатушы біздің алдымызға тастаған маталары тау болып үйіліп, өзі ар жағынды басы ғана қылтиып, әрең көрінді. Түрі әбіржіп, түтігіп кеткен:

- Міне, мынау мата шығар іздегеніңіз, Де Ло Монд фирмасы, түсі де қанық.

- Жоқ, бұл мата тым жұмсақ

- Онда мынау, бұл да Де Ло Монд, матасы қаттысы.

- Бұл да жарамайды, тым қатты, - деп, күлімсіреген көзімен, - Сізде мен іздеген мата жоқ екен, мен ешқайсын алмаймын шығармын, - деді екі сағат аралаған дүненнің шыға берісіне таяп.

- Маған мынау қызыл түсті матадан, көк түстісінен және Де Ло Мондтан кез келгенің беріңізші, - дедім сатушыны қуантқым келіп. Сатушының сол кездегі түрін көріп, ертеніне зейнетке шығуға дайындай көрінді, алайда, оған зейнет ақының қажеті бола қоймас, мынадай жұмысымен аптаның аяғына дейін ғана шыдайды ма деп ойладым. Көлікке қайта мініп:

- Енді, Дәметкен, қайда барамыз?

- Тігіншіге, тігіншіге барамыз

- Шофер, тігіншіге қарай, - деп дауыстадым шоферге. Шофердің тігіншінің қай көшеде екенін сұрағанда Дәметкен:

- Ұзын көшеде, көшенің аты есіме түспей тұр, ұзын көше екені есімде

- Ол көшеде жол бар шығар, жан жағында үйлер...

- Иә, үйлер бар, мынадай дарбазасы бар, деп саусағының ұшымен төртбұрышты көрсетті. - Білетінім, осы жерден оңға бұрылу керек

- Шофер, оңға бұрыл,- деп шоферге тағы дауыстадым. Шофер оңға бұрылып бара жатқанында, Дәметкен:

- Қайда бара жатыр, мен оңға дедім ғой.

- Енді оңға бара жатыр ғой, - дегеніме.

- Онда, солға қарай, - деді.

- Біз еркектер сондай ақымақпыз, ер адамдарда оң қолы оң жағында да, сол қолы сол жағымен сәйкес келеді, ал әйлдердің оң қолы белгілі бір себеппен сол жағымен сәйкес келеді, біз еркектер соған миымыз жетпей, шатасып болдық, - деп кінәні өзімізге аударыстым. Біз бәрібір ол тігіншіні таппадық, Қайтар жолда Дәметкен есіне бірдене түсіп кеткендей:

- Айтпақшы, сіз үйіме келгенде бірдене айтайын деп жатқансыз, және оны маңызды дедіңіз

- Ааа иә,,, Ол ма,,, Сіздің қандай кофе ішетініңізді сұрайын дегенмін, - дей салдым. Сол сәттен бастап айтқым келген сөздерімнен де айнып қалдым, ал кішкентай арал мендей бөлектеніп жападан-жалғыз өмір сүретін бір адамнан құтылды.

Таусылмайтын махаббат 20.02.2015 жариялады

7 пікір

Қандай еді? бір шығармадан үзінді емес па?
Ештенеден үзінді емес, өзім жазғанмын)
Аааа жарайсыз!!! Мен бір шығармаға ұқсатып едім бас жағын
Осыны өзiң жазсаң құлағымды кесiп берем )
Енді кім жазды?)
Жо-жоқ, туындыңыз шынымен де кәсіби жазушыныкіне қатты ұқсайды, қайта бұл пікірлерді өзіңіздің шеберлігіңізге тәнті болу деп түсініңіз. Шетел әдебиеттеріндегі шығармаларына ұқсас, бірақ қарапайым ғана биолог үшін бұл шедевр деп айтуға болады.

Үлкен рахмет! Оқыдым, көп нәрсені еске түйдім деп айта аламын.
И так шет ел әдебиетіне еліктеп жазғанмын) Просто сатира ғой еш терең мағына жоқ
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы