Бағдаршам туралы қызықты деректер

Ең алғаш бағдаршам Лондонда шықты. Оны ойлап тапқан Дж. П. Найт есімді азамат. Бірінші бағдаршам қолмен басқарылатын және екі қанатты болған. Біріншісі "тоқта" дегенді білдірсе, екінші қанаты "байқап қозғалыңыз" дегенді білдірген. Күн батқанда қол шамды қолданып, жасыл, қызыл түстерді беріп, көліктерді қадағалаған.

1912 жылы алғашқы электрикалық бағдаршамды ойлап тапқан - Лестер Вайр. Ол қызыл және жасыл түстен тұратын екі дөңгелектен құралған. Алайда оның бұл туындысы патенттелмеген.

Бағдаршамда не себепті алдымен қызыл, кейін сары, сосын жасыл түс тұрғанын білесіздер ме? Себебі "дихромазия" деген ауруға шалдыққан адамдар көшеден қорықпай өту үшін осылай жасалған. Ол ауруға душар болған жандарға түстің әсері өте қатты.

Ирландиялықтар тұратын Америкадағы кішігірім қалашықта бағдаршамда бірінші қызыл түс емес, жасыл түс орналасқан. Бұл бағдаршам 1925 жылдан бері келе жатыр. Өйткені оған дейінгі бағдаршамды жергілікті балалар таспен ұрып, сындырып тастайтын болған. Себебі олар Ирландияның символын білдіретін жасыл түстің қызыл түстің астында тұрғанын қаламапты. Билік өкілдері әлемдегі жалғыз керісінше бағдаршамды жасау үшін 3 жыл уақыт жұмсаған.
Қызықты деректер 19.02.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы