Сабақ оқуға қиналып жүрсіз бе?

Ойдың шашыраңқылығы мен алаңғасарлық – оқушылардың басты қиындығы. Мұның барлығы мотивацияның жетіспеушілігі, есте сақтау қабілетін жаттықтырмау, назарды бір нәрсеге ғана бағыттамау сынды қиындықтармен тікелей байланысты. Егер білім дәрежеңізді тексеріп көргіңіз келсе, түрлі тесті тапсырып көруіңізге болады.

Мұнымен қатар, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз сабақ оқуыңызға әсер етеді. Мысалы, сыныптастарыңызбен ренжісіп қалған күні ұстазыңыздың сұрағына жауап беруден бас тартуыңыз мүмкін. Немесе сыныптастарыңыздан асып түсе алмайтыныңызды білген кезде олардан сабақ оқи алмайтындығыңызбен артылғыңыз келеді.

Ұстазыңыз берілген тапсырманы орындамай жүргеніңізді көрген кезде ескерту жасайды. Ал сіз өз кезегіңізде сабақ оқудан бас тартасыз. Күнделікті отбасыңызда түрлі жанжал бола беретін болса, сабақ оқуға мүмкіндігіңіз болмай қалады. Сабақ оқуға кедергі жасайтын жағдайлардың көп екенін өзіңіз де байқаған шығарсыз.

Мектепте алатын біліміңіз болашағыңыздың жарқын болуына жағдай жасайды. Оқуыңызды жалғастырғыңыз келсе, сізге білім керек болады. Үй салғыңыз келсе, сізге білім қажет болады. Өзгелерге алданып қалғыңыз келмей ме? Өзгелердің жанында ақымақ болып көрінгіңіз келмей ме? Ақшаңызды өз орнымен жұмсауды үйренгіңіз келе ме? Олай болса, бүгіннен бастап білімді болуға ұмтылыңыз.

Ұстазыңыз үй тапсырмасын берген кезде «Оны не үшін орындауым керек?» сынды сұрақ туындайды. Алайда арада уақыт өткен соң бұл білімнің айтарлықтай пайдасы бар екенін түсінесіз.

Сөзіме сеніңіз! Мектепте өткен күндеріңізге өкінішпен қарағанша, қуанышпен еске алған жөн! Біздің барлығымыз әртүрліміз және әрқайсымыздың өзімізге ғана тән ерекшеліктеріміз бар. Бірақ, ең бастысы, өзімізге, өз күшімізге сену!
Қызықты деректер 19.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы