Сүрме (тушь) кеуіп қалған жағдайда... [сұрақ жабық]

Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген косметиканың арасында қатты ұнайтын дүниелер де болады. Оңай қолданылатын, сапасы жоғары сүрме кеуіп қалса не істеу керек екеніне тоқталамыз. Сонымен сіздердің назарларыңызға тиімді əдістерді ұсынамыз.

1. Ең қарапайым əдісі сүрмені ыдысымен ыстық суға салып қыздырыңыз. Бірақ бұл əдісті əр қолданған сайын жүзеге асырып тұруыңызға тура келеді.

2. Екінші əдісті қолдану үшін бізге көз макияжын сүртуге арналған қоспа керек болады. Сүрмеге қоспаның бірнеше тамшысын тамызыңыз. Екеуінің əрекеттесуіне біраз уақыт беріңіз. Содан соң қолдана беріңіз.

3. Сүрмеге көзге арналған тамшылар (глазные капли) тамызу арқылы қайта өңдеп алуыңызға болады. Бірақ мөлшерін тым көп қосып жібермеңіз. Ол сүрмені мүлде құртып жібереді. Бұл реакция өнімін кеш береді)) Бұл процесті түнде бастап қойыңыз, таңертең қолдануға дайын болып тұрады.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 19.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы