Шашқа арналған ламинат [сұрақ жабық]

Көптеген қыздардың мəселесі шашының ұштанып кетуі. Гүлдеп кетті деп те айтып жатады. Негізі шашты қатты ыстық жəне қатты суық күндері жайып жүруге болмайды. Ол күндері шашыңызды буып жүруге тырысыңыз. Шашыңызды ұштанудан сақтайтын алғашқы күтім. Ал енді шашқа арналған ламинаттың мəзіріне кірісейік.

Ол үшін бізге:

1) 1 ас қасық желатин (дəмдеуіштер (приправа) сататын жерден оңай тауып алуыңызға болады.)

2) 3 ас қасық ыстық су

3) 1/2 ас қасық шашқа арналған бальзам керек болады.

Шыны ыдысқа 1 ас қасық желатин саламыз. Оның үстінен 3 ас қасық ычтық су құямыз. Желатин ерігенше тез араластырамыз. Бұл қоспаның суығанын күтеміз. Қоспа суығанша шашыңызды жуып, өзіңіз қолданып жүрген бальзамды шашыңызға жағыңыз. Сосын бəрін жуып шашыңызды маска жағуға дайындаңыз.

Дайын болған қоспамызға шашқа арналған бальзам қосып араластырамыз. Ол желатиннің тез жуылып кетуіне көмектеседі. Егер қаласаңыз қоспай ақ қойсаңыз болады. Шашыңыздың түбінен 2 сантиметр қалдырып масканы жағып шығарады. Содан басыңызға қалпақ, орамал сияқты тағып алыңыз. 45 минуттай Шашыңызда ұстап содан жуып тастаңыз. Шашыңыз жұмсарып, түсін өзгертеді.(қараяды) Бастысы ұштануға қарсы.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 19.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы