Қазақ салт-дәстүрлері 17.02.2015 жариялады

 

Келер ұрпақ ұлттық салт-дәстүрлерімізден қол үзіп кетпеу жағын осы бастан ойламасақ ертең кеш қалып, бармақ тістеуіміз мүмкін ау осы.Мектепте еңбек тәрбиесі, валеология, өзін-өзі тану деген сабақтар бар. Былай қарап отырсаң осы бір сабақтардың балаларға беріп жатқандары шамалы.Оқу министрлігі әр мектепке бір-екі киіз үйлер алуды міндеттесе және сол киіз үйлерді оқу көрнекі құрал есінде пайдалануды бағдарламаға ендірсе. Сонда әлгі аталған еңбек сабағының бағдарламасына осы үйлерді құру, жығу, жабдықтау, сынған жерлерін өздері бүтіндеу сияқты істерді ендірсе,өзін-өзі тану пәніне осы үйдің әсемдік басқұр, желбау, күлдіреуіш т.с.сияқты бөлшектерін тоқу, пайдалану істерін бағдарламаларға қосса нұр үстіне нұр болмас па еді.Көктем, күз айларында 4-5 ай жайынан пайдаланып қалған уақыттарда жинап қойса бірнеше жылдарға еркін жетер еді.Наурыз, Құрбан айт мерекесі кездерінде де де бұл үйлерді орнымен пайдалануға болар еді, әрі оқушылар өздері құрап, өздері жығып , өздері жабдықтап тәжірбие де жинақтар еді. Бұның өзі тарих пәнінен де көшпенділік мәдениетімізден айтарлықтай көрнекі құрал да болар еді. Міне осы кезде халқымыздың «Мың естігеннен бір көрген жақсы»- дегеніне орай жеткіншектердің көңілінде қолмен ұстап, көзбен көргендері ұзақ сақталар еді, әрі ұлтық тәрбиелік мәні де болар еді.

117,505 сұрақ
301,256 жауап
153,264 пікір
64,493 қолданушы