Наурыз Дода блогшылар конкурсы басталды. Қатысыңыз!

Блогерлердің назарына!

Наурыз мейрамының қарсаңында 1 айлық додаға шақырамыз. Өту мерізімі: 16/02/2015 - 16/03/2015. Тақырыптар: Тарих, Дәстүр, Ғаламтор. Кез келген блог-тұғырда, стенделон блогта, түрлі форматтармен жаза беруге болады. 1 ай ішінде қалаған уақытында 3 тақырыпта пост жазғандар жарысқа қабылданады. Посттарды тіркеп отыру #НаурызДода хэштегімен жүреді, Сондықтан осы хэштегті пайдаланыңыз, сілтемеңізді әлеуметтік желіде бөліскен кезде. 
Бас жүлде: 100.000 теңге. Үштікке кіргендер миллиондық Блогиада-2015 жарысына іріктеусіз қабылданады. Жүлдегерлер Талдықорған қаласында өтетін Блог-Құрылтайда марапатталады. 4 адамнан құралған әділқазылар алқасы барлық посттар жинақталғаннан кейін өз бағаларын беріп, үздіктерді анықтайды. Олар: Блогиада-2014 чемпионы Oskar Bazarbay, Блогиада-2014 финалисті Әйгерім Кеулімжай, Aynaline Portalының бас редакторы - Ерлан Оспан, Блог-Құрылтай-2015 үйлестірушілерінің бірі Galymurat Zhukel

Хабарландыру авторы: Аршат Ораз

Интернет қолданушы үшін 16.02.2015 жариялады

3 пікір

Сонда осы сайтта да жазған блогтар жарай бере ме?

 Кез келген блог-тұғырда, стенделон блогта, түрлі форматтармен жаза беруге болады

шартында осылай жазылған, демек жарай береді, еш уайымсыз, жаза беріңіз, бастысы  постыңызды #НаурызДода хештегімен бөлісіңіз

Блогқа тағы да ден қою керек секілді ғой...
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы