Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

«Guerilla» жарнама агенттігі Алматы қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнеледі. Мұндай қалқан - қақпақтар қала көшелеріндегі бірнеше нүктелерге қойылды. 

 

Серікбол Хасан есімді журналисттің "Айқын" газеті сайтындағы кәріз люктері қақпақтарын батырлардың қалқаны түрінде бейнелеуіне қарсы пікір білдірген "БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК" атты мақаласы қоғамның назарын аударды. 

"БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК" мақаласының сайттағы скрині

Айқын сайтында шыққан мақала тек қазақ тіліндегі ғана емес, орыс тіліндегі аудиторияның да арасында пікірталас тудырды.

Сонымен,  қала дизайнындағы осы бір әрекетке қатысты менің айтарым: 

Біріншіден, бұл стрит-арт. Ал, қақпақты батырлардың қалқаны түрінде көрсету - әдемі шешім. Тәнті болдым. Дизайн-студияға респект. 
Жалпы, қала дизайны үшін кәріз люктерінің қақпақтарын қала көшелерінің сәнін келтіретін деталь ретінде пайдалануға ұмтылыс жасау әрекеті қуантады. Шымкентке де келсе ғой.

Екіншіден, люк қақпақтарына символдарды бейнелеу - әлемдік қолданыста бар тәжірибе. Төмендегі суретте түрлі қалалардағы кәріз люктерінің әсем қақпақтары жинақталған.

Үшіншіден, кәріз люктерінің қақпақтарына тұлғаларды бейнелеу аясында осыған ұқсас "қарсылық" өткен жылы Ресейде болды.
Сынап-мінеу әрекеті Артемий Лебедев студиясының Мәскеу қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын безендіру жобасына бағытталды. Лебедев студиясы Мәскеу көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына Гиоргий Победоносецті бейнелеген. 


Лебедев студиясының "Мәскеу қаласындағы кәріз люктері қақпақтарын безендіру" жобасының жұмысын студияның сайтынан толық көруге болады. 

Гиоргий Победоносец бейнеленген алғашқы екі қақпақ 2014 жылдың қазан айында Мәскеудегі Забелина көшесіне орнатылды. Православ белсенділері мұндай безендіруге қарсылық танытты. 
"Гиоргий Победоносецті қорлады" деген тақырып ығымен мақалалар жарияланды. Сондай бірнеше мақалаға сілтеме: 

1. ЗАЯВЛЕНИЕ: против кощунства в отношении Святого Великомученика Георгия Победоносца

2. Москвичи будут топтать Георгия Победоносца

Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Алматы көшелеріндегі кәріз люктері қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнелеу жобасы қазақ батырларын қорлау ма, әлде қала көркін ашатын, сәніне сән қосатын бірегей идея ма?

Айтпақшы, осы постты Фейсбук әлеу.желісіндегі парақшамда жазған едім. Аудитория тарапынан түрлі пікір жазылып, шағын сөзталас болды. Фейсбуктегі постқа сілтеме

 

Өз ойым 16.02.2015 жариялады

1 пікір

Мен де Батырлар болсын ұлттық нақыштағы туындыларды қалқан түрінде көрсетуде тұрған ешқандай әбестік жоқ деп ойлаймын.

Қайта батырларымды насихаттауда креативті шешім деп ойлаймын. Кезінде Ерболат Мен қазақпын әнін реппен байланыстырып орындап шыққанда, қаншама үлкен кісілер кері пікір айтып қарсы болған еді. Ал жастардың арасында Мен қазақпын өлеңі әнмен жетіп, талай қазақ жастарының ән ұранына айналып кеткен болатынмын. Сондықтан барлық нәрседен негатив іздеуден аулақ болсақ екен деген ниет.

Өз басым Жапондықтарлық қақпақтарды креативті сәндеуде алдына жал салмайтын халық ретінде білемін. Әрі қызыға қараймын.

116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы