Құлаққа кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй!

Мен оқушы болғанда, ән күй сабағынан дәптер бастап, қазақ әндерінің сөздерін жазатынбыз.Шіркін сол кездегі әндер, нағыз тәрбиелік мәні мол тақырып аясы кең әндер. Мен Роза Рымбаеваның "Атамекен" Рахат Тұрлыбековтың "Асыл әже" тағы да сол сияқты "Ана", "Әке", "Туған жер" әндерін тыңдап бойыма сіңіріп өскен жастардың бірімін. Қазіргі таңда мен әндерді өте сирек тыңдаймын.Көбі менен сұрайды, қандай әндер тыңдайсын деп, "тыңдамаймын" деп жауап беремін.Неге?деп жұртшылық таң қалады. Мен жаңа заман бойжеткені болсам да, мен ескі әндерді тыңдағанды сүйемін, және ол үшін еш ұялмаймын.Қазіргі әндерді тыңдамаймын, не себепті?себебі мүлдем көңілім толмайды. Әрине, барлығы бірдей демеймін, бірақ көпшілігінің түк мәні мағынасы жоқ, сөздері қарапайым миға қонымсыз әндер. Әнді жазғасын ақын, сөздік қоры мол, әдеби тілді білетін біреу жазғаны дұрыс деп есептеймін.Кейбір әндердің сөздерін мүлдем түсінбейсің. Бәлкім жастарға ұнайтын шығар, жаңа, жастар сарынындағы әндер, дегенмен құлаққа жағымсыз естіледі. Мен біреуді сөгетіндей ешкім емеспін, әр адамның өз талғамы , өз ойы бар. Мен бар болғаны өз ойыммен бөліскім келді.

Өз ойым 15.02.2015 жариялады

3 пікір

иа қазіргі әндер көбісі ырғаққа негізделген, дыкдыщ дыкдыщ дыкдыш
Қазіргі әндердің арасында "есері де бар, естісі де бар". Тек дұрыс әндерді таңдап тыңдау керек.
Әрие, өз ойын айту азаматтық парыз.Айыпқа бұырмаңыз. Бірақ Абай атамыздың "құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй" - деген сөздің дұры нұсқасын қолдансақ екен. себебі мұны басқа қолданушылар да көреді. Көру қабілеті арқылы есте сақтайтындар бар. Сондықтан кімнің сөзін қолдансақ та, түп нұсқасын тексеріп барып қолдансақ екен. Қазақ тіліне жанашыры жандардың бірі болғандықтан өз ойымды білдіргім келді.)))
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы