Белгісіз Поэзия 15.02.2015 жариялады

Осы өлеңді оқып отырып қатты ойландым. Ата-анамыздан жырақта жүрсек оларды қуанту үшін бір рет қоңырау шалуымыз жеткілікті екеніне көзім жетті. Ата-аналарыңызға қуаныш сыйлауға асығыңыздар!!!

Қарт келеді көшеде қалжыраған,
Қалжыраған, ол бірақ алжымаған.
Жүзінде мұң, қабағы тым салыңқы,
Өксігі бардай іште, қан жылаған.

Қарт келеді еңсесін мұң-зар басып,
Асығады қадамын жылдам басып,
Асыққанмен, қарияға мұрша бермей,
Аяғына ауруы жүр жармасып.

Қолында жалғыз таяқ таянғаны,
(Таяқ сынса, бітуге таяу ма əлі)
...Ұялы телефондар жөндейтұғын,
Дүңгіршектің алдына аяңдады.

Іздегені шықты ғой тап бір алдан.
Ұстаны көрген бойда, қарт қуанған:
"Мынаны қарап бере қоямысың,
Телепөнім бұзылып қапты қарғам"
Оқиға ізімен

Ұста да жұмысына бұрыла кеп,
Ақауын телефонның біліп əлек.
Сəлден соң қарияға қайта ұсынды:
"Телефонның бұзылған дымы да жоқ"

Қарияның үміті құлап тынды.
Көкірегіне тығылып сұрақ тұрды.
Хабарласпайды ұлдарым онда неге?
-деп, жылап тұрды.

Д. Ақсақалов

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
117,505 сұрақ
301,256 жауап
153,264 пікір
64,493 қолданушы