Шыңғыс ханның ел билеу жөнінде балаларына айтқан 4 қағидасы

Ұлы хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт  баласына беріпті. Сол мәжілісте әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мәртебелі, әлем әміршісі, хан қандай болу керек?» - деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек», - деп  жауап беріпті.
Шыңғыстың екінші баласы Шағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» - деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», - деп жауап беріпті.
Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» - деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», - деп жауап беріпті.
Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» - деп сұрапты. Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан әрқашанда абыройлы болады», - деп жауап береді.
Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт  баласы өле-өлгенше  абыройлы хан болып өтіпті-міс.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 15.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы