Мен ҚАЗАҚПЫН! 15.02.2015 жариялады
Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы – болат найза!

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

 

Бөкейді айт сағыр мен дулаттағы,

Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!

Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт уақтағы!

 

Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,

Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт!

Найзасының ұшына жау мінгізген –

Еменәлі керейде ер Жабайды айт!
117,835 сұрақ
303,655 жауап
153,362 пікір
65,493 қолданушы