Бұрынғы қазақ әйел- қыздарының бас киімдері

Бұрынғы қазақ әйел-қыздарының бас киімдері.

Сәукеле

Сәукеле — дегеніміз қазіргі «Фата» сияқты той кезінде ғана пайдалынатын бас киім үлгісі болған.

Бөрік

Қыздар үйлерінде оң жағында болған кездері орамалсыз ақ жүре берген, тақия, үкілі бөріктер киетін болған, ал тұрмыс құрған соң бір құрсақты болғанша бастарына жеңіл орамал, жаулықтар салған.

кимешек

Өмірге ұрпақ әкеліп, кішкентайлы болғаннан соң кимешек киген. Мұның мәні бір жағынан кішкентай нәресте шаштың жалбырағанынан шошынып қалады деген сақтандыру болса, екіншіден қазіргідей бас-басына бөлме жоқ уақытта бөпесін кимешек астына тасалап емізуге де қолайлы болған. Әрине гигеналық тұрғыдан да дұрыс саналған. Бірақ жаулық та, кимешек те ақшаңқан матадан тігіліп , бетке киілетін жерлерінің шеттері кестемен әдіптелетін болған, себебі ол тазалық символы есебінде болған, әрі бұны ешқашан хиджаппен шатастыруға болмайды.

Күндік

Жастары тоқтаған, салиқалы бәйбішелікке жеткен апаларымыз кимешектің сыртынан күндік киген, Бұл күндік те өз орнында өте шеберлікпен кейде еш қосымшасыз ақшаңқан матадан, ал енді кейде маңдай түсі, кей жерлерде айналдыра кестеленіп сәндеп тігілетін де болған. Бұл бас киімдер апаларымызға сондай жарасып, бір бәйбішелік байсалдылық, салмақ беріп тұратын болған.

Қазақ салт-дәстүрлері 11.01.2015 жариялады

2 пікір

Бұрынғы заманда жас келіндер қандай орамал таққан екен ағасы?
Негізі үй ішінде төбесінен осы күнгі косынкалар сияқты шалып желке тұсынан байланған, ал далада, суық ауа-райларында алқымнан орай байланған ғой, бұлай жүру казір де келіндердің көбінде бар болғандықтан қоспай кетіп едім.
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы