XVII ғасырдағы Қазақстан жайлы орыс зиялыларының пікірлері

  • Мұндай ақымақ халықты көрсемші... Россия патшалығы қазір қазақ жерінде мықтап тұрып орын теуіп алған жоқ па? Маңызды деген аудандардың бәрінде де біз өзіміздің бекіністерімізді, форпосттарымызды салып болдық... Патша ағзамға бағыну деген сөз - саяси бостандығымды жоғалттым деген сөз емес пе?!... Біз қазақ елін тек отарымыз деп қана санаймыз. Кімде -кім бұған көнгісі келмесе, оны қарудың күшімен көндіреміз. "Азаматтармен келісімге келудің ең дұрыс әдісі - оларды қорқытып ұстау"... (Батыс Сібірдің генерал-губернаторы князь Горчаков)
  • Қазақтардың Россия империясының қол астына кіруі түбі прогресшіл жол, сондықтан оларды қарудың күшімен емес, ақылмен бағындыру керек.  (Орыс түсінік сөздігін жасаушы В.Даль)
  • Халықты қырғаннан гөрі ақылмен көндірген жөн. (Дарынды ақын И.В.Виткевич)
  • Бір патшалықтың ішінде екінші патшалық болуға мүмкін емес. (Бірінші Николай император)
  • Қиянат көріп қорланған жұрт қашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға татиды... батырлар қазақ жігіттерінің арасында қашан да болса мыңдап табылады. (Генерал-майор В.Ф.Генс)
  • Сөз жоқ, батыр халық! Тек бастары бірікпейді. Ру-ру болып үнемі таласады да жатады. Көрінгенге бағынуларының бас себебінің өзі де осында. (Генерал В.А.Перовский)
  • Әр сұлтан, әр би қарамағындағы руластарының жігітін  өз солдаттарындай жұмсай алады. Қазақ та бір, қой да бір, тек алдарына түсетін серкесі болсын!.. Дала заңы айуандықпен шектес келеді. (Генерал В.А.Перовский)
  • Қазақ дарынды халық, батыр халық, әттең, бақытсыз халық. (Генерал-майор В.Ф.Генс)
  • Қазақ халқының өзін - өзі сақтап қалуда жалғыз ғана жолы бар. Ол - Россияға қосылу. ("Жүсіп" Иосиф Гербурт)
  • Мексика, Перу жерлерін испандықтардың қалай билеп алғанын естігенің бар ма?  Конкистадорлар жергілікті жұрттың бірін қалдырмай қырмақ болған. Тіпті қазіргі Америка, Англия отаршылдарының саясатын алсақ онда да сол қиянат. Бұлар да бір индеец, бір негр қалдырмай дүниеден жоқ етуге дайын… Индеец пен негрді біржолата құртып жіберуге тек қара жұмысқа, плантацияларға тегін пайдаланатын күш керек… сондықтан ғана оларды құл ретінде резервацияларда амалсыз ұстауда… Егер орыстың Горчаков, Скоблев секілді генералдарына салсаң осынау кең далада бірде-бір қазақ қалдырмауға бар. Бірақ бұлар орыс халқы емес, орыс халқы түгіл саналы оқығандарына да жатпайды, бұлар Николай Палкин секілді отаршыл патшаның ауыр күржілері. Қазақ басына төнген осындай ауыр күржілерді біз шамамыз келгенше жеңілдетуге тырысудамыз. Бірақ бірден бар ойыңды іске асыра алмайсың, әзірге біз азбыз, олар көп. Халық әлі оянбай жатыр... (Генерал-майор В.Ф.Генс)
  • Қазақтар еш уақытта да астық екпеулері керек, ешбір ғылым  түгіл, тіпті бірде-бір кәсіп білмей, өмір бақи мал бағып қана көшіп жүрулері бар жан-тәніммен тілер едім. (Орынбор әскери губернаторы граф Сухателен)
  • Егінді тек казак-орыстарға салдыртып, қазақтарды астықты солардан қымбат бағамен сатып алып тұруға мәжбүр еткен дұрыс. (Генерал В.А.Перовский)
  • Бұрын менің орнымда болған ...Перовский, қазақтардың егін егіп, отырықшылыққа айналуына өте-мөте қарсы болып келген. Оның бұлай істеуіне (бүйтуіне-авт.) қазақтар өздері еккеннен гөрі, астықты бізден сатып алып, Россияға байлаулы бұзаудай тырп ете алмасын деген ой себеп болған. (Артиллерия генералы Обручев)
Бұл сөздер шын өмірде айтылған-айтылмағаны белгісіз. Тек Ілияс Есенберлин өзінің "Қаһар" романында осы кейіпкерлердің аузымен айтқызған сөздер екен.
Мен ҚАЗАҚПЫН! 15.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы