Құландардың қырылуы мен Шу маңайындағы жер-су атауларының шығуы жайлы аңыз

Алашаханның жақсы көретін баласын тағы құлан үйірі басып өлтіріпті. Қатты қапаланған әрі мейлінше ашуланған хан, құлан біткенді қыруға бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе соған ғажайып көп сыйлық пен ең сұлу кіші  қызын бермекші болады. Домбылақ деген батыр  ханның тілегін орындаймын деп уәде береді. Өзінің Иней, Қабан деген жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, қайда қашса да қоймай бейшараларды қырады. Ақырында бес-ақ құлан қалады. Олар Шу өзенінен өтіп құмға қашады. Осы құландардың Шудан өткен жерін Бесқұлан деп атайды.  Құмға қуып шыққан батырдың аттарының жете алмай зорығып өлген жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның қызын алам деп құмның арасында қаңғып өлген Домбылақ батырдың моласы деп қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы көрсетеді... Расында да бұл мола тым көне... Оған сенуге болады...

Шу өзеніндегі өткелдер мен төбелердің атауларының шығу тарихы мен қазақ жеріндегі құландардың қырылуы жайлы осындай да аңыз бар...

Мен ҚАЗАҚПЫН! 15.02.2015 жариялады
116,477 сұрақ
295,928 жауап
152,989 пікір
61,669 қолданушы