Өзбектің жүзімі - сый-құрметтің басы

Бір қазақ пен өзбек дос болыпты. Аулына келген өзбекті қазақ қойын сойып,  қымызын тосып әбден сыйлапты. Жолы түсіп, қазақ шаһарға келсе, өзбек досы сый-құрмет көрсетіп алдына бір тегене жүзім қойыпты. Бұрын жемісті жемеген қазақ, таңсық көріп асай бастапты. Қомағай қазаққа не шыдасын, жүзімнің таусылып бара жатқанын аңғарған сараң өзбек:

- Алдыңыздағының атын өзім дейді, оны бүйтіп бір-бірлеп үзіп жейді, - деп аздап жеудің керек екенін ескертеді.

Сонда қазақ:

 - Иә, мұны жүзім  дейді, бір жегенде жүзін жейді, - деп саусақтарын сала түсіпті.
Асыңыз дәмді болсын! 14.02.2015 жариялады

2 пікір

Жақсы жазба болыпты. Бірақ бір жерді яғни өзім емес үзім десең қатып кетер еді. Алайда олар жүзімді үзім деп атайды.
КІтапта қалай берілген, солай жаздым. Оны өзгертуге құқым жоқ.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы