Белгісіз Пайдалы кеңестер 14.02.2015 жариялады

Өміріңізде бір рет болса да осы іс-əрекеттерді жасап көріңіз. Алғашында оғаш естілгенмен бұл істердің бəрі сіздің өміріңізге өзгеріс алып келуі əбден мүмкін.
 

1. Жалғыз отырып тамақтанып көріңіз.
Өміріңізде бір рет болса да суреттегі кісі сияқты жалғыздықта тамақтанып көріңіз. Тек қана тамақтанбай, газет-журналдар оқып отырыңыз. Сол кезде бұл кісінің қайғы-мұң шырмауында емес, рахат алып отырғанын сезесіз.  

2. Үлкендерді тыңдап үйреніңіз.

Өзіңізден үлкендерден кеңес сұрап көріңіз. Ол сіздің ойларыңызды қате деп ойлауы мүмкін немесе сізбен келісуі де мүмкін. "Білмейді екен" деп ойлайды деп намыстанбаңыз. Көпті көрген жəне көпті білген адамдардың ойын сұраңыз. 


 

3. Көптен бері көріспеген туысқандарыңызбен бас қосыңыз.

 Бəріміздің дерлік алыстан араласатын, көптен бері көрмеген не болмаса тіпті танымайтын туыстарымыздың бар екені рас. Олар алыс жаққа көшіп кеткен болуы да мүмкін. Енді сізге оларды іздеп, бəріңіздің бірге бас қосатын уақыттарыңыз болды. Есегіңізді айқара ашып оларды күтіп алыңыз. Сізде осыдан кейін үлкен отбасыңыз болады. Отбасы əрқашан да сізге керек жандар.


 

4. Ұнамаған адамыңызбен кездесуге шығыңыз.

Бірінші оқығанда таң қалддыңыз ба? Бірақ бұл іс - əрекет сіздің адамдарға деген көзқарасыңызды өзгертеді. Сіз алғаш көргенде ұнатпаған адамыңыз уақыт өте келе жақын араласып кетсеңіз ұнауы əбден мүмкін. Сізге ол кісінің шаш үлгісі, киім киісі, жүріс-тұрысы ұнамауы мүмкін. Бірақ адамның сұлулығы жүрегінде екенін ескерсек, барлық адамға мүмкіндік бергеніңіз дұрыс. Содан сіз адамдарды көрген кезде антипатия сезімін басқара алып үйренесіз.


 

5. "Жоқ" деп айтып үйреніңіз.

Сіз тым жомарт болсаңыз да еш түсіндірместен "жоқ" деп айтып үйреніңіз. Бұл сізді керек емес жұмыстардан арылтуға көмектеседі. Мысалы сіз бір адамға жұмысын істеп беруге сөз беріп, соңында істей алмай қалсаңыз ұятыңыз түнімен тыныштық бермеуі мүмкін. Сол адамның алдында ұялып, өзіңізді төмен санап кінəлі сезінесіз. Осындай жағдайлардан арылу үшін сізге "жоқ" деп айтып үйренуге тура келеді.


 

6. Қолөнеріңізді сатылымға шығарыңыз.

Бар адамның қолынан келетін бір өнері болады. Бір адамдар тоқымаға, суретке, кесте тоқуға, кей адамдар ағаш шебері болуға қабілеті бар. Кем дегенде бір адамның бойында бір өнердің жатқаны анық. Бұл іс сізге қуаныш сыйлайды. Қолыңыздан шыққан туындыны сатылымға шығарып көріңіз.


 

7. Өз ақшаңызды басқа адамдардың тамақтануына жұмсаңыз.

Əрине өз ақшаңызды басқа үшін жұмсау қиын. Бірақ сіз осы істен кейінгі рахаттануды ойлаңыз. Басқаға қуаныш сыйлау, өзіңіз қуанғаннан да қайырлы. Бұл істі күнде істемесеңіз де, аптасына бір рет істеп көріңіз. 


 

8. Жалғыз өзіңіз саяхатқа шығып көріңіз.

Саяхатқа болмаса да, жалғыз өзіңіз ұзақ уақыт көшеде жүріп көріңіз. Жеңілдеп қаласыз. Тек жалғыз саяхаттаған кезде ғана сіз өзіңіздің қорқынышыңызды, қайғыңызды, қуанышыңызды сезіне аласыз. Жеңілдеп қалуыңызға мүмкіндік береді. Өткен күндеріңізді ой елегінен өткізіп, ой түйіңіз. Сіз өз есіміңізді ұмытпай тұрып басқа елге саяхаттамасаңыз қызықты өмір сүрдім деп ойламаңыз. 


 

9. Жауларыңызбен татуласыңыз.

Бұл да ақылға қонымсыз кеңес екенін білемін. Бірақ сіздің қазіргі ең жақын достарыңыз бірінші көргенде ұнатпаған адамдар екенін мойындаңыз:) Біздің дұшпандарымыз бізге өзінің кемшіліктері мен жаман қасиеттерін барынша көрсеткен адамдар. Сіз 1 минут болсын ол адамдарды дос ретінде көріп, сөйлесіңіз. Сол кезде жек көру мен жақсы көрудің арасы бір ақ қадам екенін түсінесіз. Есесіне достарыңыз көбейіп, дұшпандарыңыздың азаюы өмір сүруіңізді жеңілдетеді.


 

10. Техникасыз өмір сүріңіз.

Алғашында бір күн, содан соң бір апта осылай уақытты көбейтіп телефон, планшет, ноутбук, компьютерсіз өмір сүріңіз. Бір затқа тəуелді болып өмір сүруден құтыласыз. Адамдармен бетпе бет сөйлесіп үйренесіз. Бір телефонның бетіне қарап отырмай, таза ауамен серуендеп, жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігіңіз болады. Смартфондардан бөлінетін жағымсыз энергиядан құтыласыз. Орнына театрға барыңыз, дүкен аралаңыз, кітап оқыңыз, кештерге барып билеңіз, өлең айтыңыз. Жалпы позитивті өмірге қадам басасыз.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
117,644 сұрақ
302,116 жауап
153,341 пікір
64,856 қолданушы