Спорт 13.02.2015 жариялады

Ассалаумағалейкум достар, Бүгін Сұрақ жауап сайтында алғашқы блогымды жазып жатырмын. Неден бастарымды білмедім, ойлана келе  өзіміздің  сүйікті ойын футбол жайлы жазуға кірістім. Футбол жайлы мағлұматар көп, соның бір  біз біле бермейтін азғантай тарихын жазсам деген оймен жазып отырмын.

Ежелгі Қытайда  доп ойындары сарбаздар жауынгерлік дайындық бағдарламасына енгізілген екен. Хань әулетінің билігі басталған уақытта (біздің заманымызға дейінгі 26 — 25 ғасырлар)футбол жалпыұлттық демократиялық деп  ойын болды «чжу кэ» саналды.

Доп беру  аяқ-қолының  көмегімен жүзеге асырылады. Рұқсат етілген жерлері допты баспен соғуға, кеудемен, йықпен,  тек қолымен ойнауға болмайды. Тағыда көптеген ережелер болды, осының ортада жүрген  1 төреші болған екен. Негізі ойлап отырсақ қазіргі футбол ережесімен сәйкес екен.

Император туған күніне екі үздік команда, оның сарайының алдында «матчты» өткізілген екен. Көрермендер  ойынға  көп жиналатын болған, жеңімпаздар жеміс-жидек, шарап және гүлдермен марапатталды және ұтылғандарды Халықтың көзінше   бамбук шыбығымен денелерің ұрып соққан екен.  

Біраз уақыт өткен соң  аяқ доп  жауынгерлердің жауынгерлік дайындық сипатынан жоғалтады, империялық  ойын-сауық  ойыны болып табылған екен. Осыларды айғақтайтын мәліметтер бар.

Енді сол футбол сөздің мағынасын айта кетсек: «Foot» – деген «аяқ»  ал «Ball» - «доп»  деген мағына білдереді екен. Аяқ доптің негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Айта берсең аяқдоптың көп тарихи оқиғалары бар. Мынау алғашқы блогым болғандықтан  қайта жерлері болса кешерім сұраймын. Ұнап жатса тағыда жазамын. Оқығандарыңыз үшін рахмет достар!!!

117,169 сұрақ
299,174 жауап
153,131 пікір
63,651 қолданушы