Сағаттың тылсым күшi.



Сағаттың тылсым күшi.

Адам қайтыс болғанда қолсағаты ғана емес, үйiндегi сағаттары тоқтайтын оқиғалар жетерлiк. Өлiм болған оқиға орнына жеткен криминалистер де осы құбылысты жиi байқайды екен. Бiрақ сағат пен адам өмiрiнiң арасында қандай байланыс бар? Ғылым алға дамып кеттi дегенiмен, мұндай тылсымды түсiндiруге келгенде ауызды қу шөппен сүртуге мәжбүрмiз. Тылсым құбылысты зерттеушi ғалымдар мұны тек физикалық тұрғыдан түсiндiретiн болжамдарын алға тартады.

Сағат тылсымы жөнiндегi әңгiмелердiң бiрсыпырасы тө­мендегiдей:
“Әжем қайтыс болғанда үй­дегi қабырғада iлулi бүкiл сағаттың тiлi тоқтап қалды. Бәрi де тек бiр ғана уақытты көрсетiп тұрды. Ол – әжемнiң көз жұмған кездегi уақыт болатын”.
“1887 жылдың 4 желтоқсанында Пенсильвания тұрғыны Джордж Фрай Мичиганда тұратын ағасы Гидеонға хат жазып жатып, өзiнде естелiкке қалған ағасының сағатына қарады. Олардың тоқтап қалғанын көрген Фрай өзiнiң қалта сағатын шығарып қарады. Сөйтсе, ағасының сағаты осыдан бiрнеше минут бұрын ғана, 21.45-те тоқтап қалыпты. Ағасының сағат тiлiн қайта бұрап, жүргiзбек едi, цифер­блатқа түсiнiксiз жарық түсiп, сағатты жүргiзбедi. Келесi күнi қаралы хабар жеткiзген жеделхат келдi. Жеделхатта Гидеонның кеше кешкi 21.45-те қайтыс болғаны жазылған едi”.
“Вашингтондық судья Джерри Уилсон түн iшiнде оянып кетiп, өзiне досы сыйлаған ескi сағаттың тоқтап қалғанын бай­қады. Таңертең судья досының түн iшiнде қайтыс болғаны жө­нiндегi қаралы хабарды естiдi”.
Тiптi Францияның королi XIV Людовикке танымал голландиялық сағат шеберi сыйға тартқан тiлi бар алғашқы сағат король қайтыс болғанда тоқтап қалғаны жөнiнде дерек бар. Ол сағатты одан кейiн ешкiм қайта жүргiзе алмапты.

Өз ойым 12.02.2015 жариялады

1 пікір

Өмірде адамның ақылы жетпейтін тылсым оқиғалар көп қой. Бірақ, өзім ондайларға сенбеймін.
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы