Спорт 11.01.2015 жариялады

Полторанин бабына еніп келеді. 

Бұйырса 18-ақпанда Швецияда басталатын әлем чемпионатында пик формаға шығып, сенсация жасауы тиіс. Бүгін Валь-де-Фиеммедегі "Тур де Скиде" алған күмісі нағыз драмаға толы болды. Жарыс бойы бестіктен түспей, мәреге тақағанда барлық қарсыласының алдына түсіп тіке тартқан. Мәреге жете бере неміс Томмен сызықты бірге қиды. Трансляция бірнеше мәрте мәреге жеткен сәтті қайталаса да нақты жеңімпазды көрсете алмады. Кейін төрешілер неміс спортшысы "Том алтын, Полторанин күміс алды" деп шешім шығарды. Полтораниннің жүзінен өкініш байқалмады.

"Нәтижеме көңілім толады. Маусым басындағы сәтсіздіктерден ес жиып келем" деп,жымиды ол.

Полторанин, шаңғы, спорт

117,651 сұрақ
302,163 жауап
153,341 пікір
64,872 қолданушы