Мереке (әңгіме)

- Ассалаумағалейкум, ата!
- Уағалейкумассалам, Ғамзат балам! Елі-іші тегіс аман ба?
- Әлхамдуллилах аманбыз! Өзіңіз қалайсыз?
- Алланың берген әрбір күнін жақсылықпен өткізіп, күйбең тірліктің қамымен өмір сүріп жатырмын. 
Үнжұрғаң түсіп кетті ғой. Жігітке еңсесін төмен қарату жат қылық болар.
- Бөтеннің қаңсығына үйірген буынсыз ұрпақтың жағдайы алаңдатып жүр. Бүгін қыңыр би мен қырық бидің кейпін кешіп, алдыңызға ақыл сұрай келдім.
- Ендеше, қызыл кеңірдек болған дауыңның жайын айтып көр.
- Жасыл шыршаны отаған жаңа жыл аздай Валентин деген бәле шығыпты. Тарихына көз сүзер болсақ шым-шытырық мәселені жайып салады. Кәпірлер «Ғашықтар әулиесі» деп ат беріп, жыл сайын мереке қылатын-ды. Осы азғындардың іріткісі мұсылман қауымының арасына кеп жетіпті. «Валентин күнімен!» деп құшағына гүл толтырған жеткіншектерді көргенде ішім өртенеді. Талай мәрте тоқтау айтсамда, құлағына асқанда ешкімді көргенім жоқ. Енді қайтсем болады?
- Аллаһтың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Демек, бөтеннің мерекесін тойлаған мұсылман баласы: мұсылман емес болады. Ардақты пайғамбарымыздың осы хадисін көші ашық, көкірегі ояу пенденің ұл-қыздарына жеткіз және насихаттап жүр. Саналы ұрпақ болса, ойланар! 
Сәскеден бері сары ойымға батып жүрген Ғамзат Назыр қарияның сөзінен кейін қыңырлық танытқан халықты күнәдан арылтуға асықты.



Аяулы Алланың ең сүйікті құлдары! Хақ Тағала бізге сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедті(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), ұлық дін Исламды, ең қасиетті кітап Құранды берді. Енді олардан жерінгендерің қалай? 

Авторы: Марат ҚАНИЕВ

Ақ парақтағы ойлар 12.02.2015 жариялады

1 пікір

Пайғамбарымыздың атын жазғаннан кейін "Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын" деп жазуды ұмытпа, араб тілінде қысқартып (с.а.с.) деп жаз болмаса. Ең сараң адам кім дегенше "Менің атым аталған кезде Алланың сәлемін жолдамаған адам" деп жауап берген хадис бар
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы