Қыздарға арналған 10 кеңес

қыздар, сүйкімді қыз, бояну,қыз

Назарларыңызға қыздарға арналған 10 кеңесті ұсынамыз.

1. Тырнақ бояуын тез кептіру үшін 3 минут боялған тырнақтарыңызды салқын суда ұстаңыз. Осы уақыт ішінде ол толығымен кебеді.

2. Егер көз бояуға арналған қаламыңыз дұрыс боямай жатса, қаламның ұшын жалынға біраз ұстаңыз. Қалам жұмсарып жақсы бояйтын болады.

3. Тырнақ бояуының қақпағы оңай ашылсын десеңіз, қақпаққа қарапайым резеңкелер тағып қойыңыз. Сонда резеңке тайғақтықтан сақтап, бояудың тез ашылуына ықпал жасайды.

4. Шашыңызда сүйікті иіссуыңыздың иісі ұзақ сақталсын десеңіз,тараққа иіссуыңыздан кішкене сеуіп, шашыңыз тараңыз. Иіс ұзаққа сақталады.

5. Маникюр жасау кезінде бояуды кездейсоқ құртып алмас үшін, тырнағыңызды қарапайым резеңкемен орап қойыңыз. Бұл əдіс əдетте бір бояудың үстінен, екінші бояуды ықтияттап жағу үшін қолданылады.

6. Егер ерін далабыңыз сынып қалған болса оны жалғап алуға болады. Ол үшін отжаққышпен кішкене қыздырып бір біріне жалғасаңыз болғаны.

7. Қырынуға арналған крем таусылса мəселе емес. Оның орнына шашқа арналған бальзам қолдануға болады. Ол теріні жұмсартады.

8. Ерінге арналған скраб жасау тəсілі. Ол үшін қоңыр шекер, май жəне əселді араластырсаңыз болды.

9. Жаңа тырнақ бояуын жасау. Егер сізде жылтыры басым тень болса оны түссіз тырнақ бояуымен араластырып, жаңа бояу ойлап тапсаңыз болады.

10. Шаш түйреуіш (невидимки) ұзақ тұру үшін оны тағар алдын, шаш қатыруға арналған скраб немесе құрғақ шампунь жағып содан соң тура сол жерге түйреуішті тағыңыз. ұзақ жəне берік тұрады.

Пайдалы кеңестер 11.02.2015 жариялады

1 пікір

4-ті қолдануға болады екен) ал басқасы есімде жүреді,болашақта керек болып қалар,боянатын болсам) қазір ерте сияқты ма)
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы