CD, DVD дисктерді сақтау жолдары

Мен бүгін сіздермен өзім  білетін  пайдалы  кеңесті  бөліскелі отырмын. Ол CD, DVD дисктерді  сақтау  жолдары жайлы  болмақ. Азын - аулақ  болса да пайдасы тиер  деген  ойдамын. Ал  ендеше кеттік...

     Диск   беттеріндегі  саусақ  іздері  мен  сызаттарды  арнайы  тазалағыш   құралдардың,  сұйықтықтардың  көмегінсіз-ақ  жоюға  болады. Дәлірек  айтар  болсақ,  тазарту  жұмыстарына тіс  пастасының  тиер  себі  мол. Ең  бірінші   кезекте  дискті  ағып  тұрған  жылы   су  астында  жақсылап  жуып  аламыз. Содан  соң жұмсақ  шүберекке  тіс  пастасын жағып  алып,  онымен диск  бетін  айналдыра   отырып (күш  салмай)  2-3  минуттай мұқият сүртеміз. Бұл  уақытта дисктің  үстіңгі  мөлдір  қабаты  кірден  тазарып,  жылтырай  бастайды. Енді  краннан ағып тұрған салқын  суға  тағы бір  жуып  аламыз. Соңынан  түксіз  матамен әбден  құрғату  қажет.  Дисктегі  ақпараттар  сақталмай  қалады деп  алаңдаудың  еш  қажеті  жоқ.  Тіс  пастасы  оның  айналы бетін өте  мұқият  тазартады, өйткені  оны  әуел  бастан-ақ тістердің  эмалін  сақтайтындай  етіп  жасалғанын ұмытпағайсыз.

 Тағыда  сырылған дисктерді бананмен де  кетіруге болады.  Ең әуелі, бананның өзімен сүртеміз, артынан 2 минут бойы бананның қабығымен сүртеміз. Сосын, дискті терезе тазалауға арналған затқа малынған жұмсақ матамен сүртіп, кептіріп қоямыз. Бананның жұмсағы мен қабығындағы балауыз дискті тазалауға көмектеседі.

Пайдалы кеңестер 11.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы