Неге бұлай болып барады?

Соңғы кездері жеткіншек балалардың арасында пікірлерін оқи жүре, сөз мәнін ұғынбайтын, айналасын тек қана өзі арқылы бағамдайтын, түсінік аялары шектеліп қалған, мұрындарының астынан арғыға көз салғылары келмейтін, ойлау өрелері төмен, соған қарамай ақыл айтуға құмар бірақ ақылдары аздау ұрпақ көбейіп келе ме деп қорқамын. Ғұламалықтары сондай мыңдаған жылдар бұрынғы баба тағлымдарын жоққа шығарғысы келіп, соларды сынап-мінегісі келетіндер де бар,бірақ сол даналық керексіз дүние болса мыңдаған жылдар неге өміршең болды деп ойлануға қиналады. Неге бұлай, бұл ненің әсері болды екен? Мүмкін кітап оқымағаннан ба екен? Мүмкін керек деп ойлаған нәрселерін еш күш жұмсап, ой жүгіртпей ақ оп-оңай шала дайындалған күйінде интернеттен ала салғаннан ба екен? Әйтеуір көбі дөрекі, қайнап тұр, айналасының бәріне өшіге қарап, мен деп көкірек ұра сөйлеуге құмар сияқты. Сонысына қарамай бәріне үлкендерді кінәлап, үлкендерді мінеуге құмар.Ал сол үлкен дегендерінің өз аталары, әкелері, шешелері екенін, солардың арқасында дүниеге келіп, солардың мәпелеуімен ержетіп, соларға белшеден қарыз бола отырып оларды кіналау үшін тым болмағанда солардың өмір жолынан өту керек екенін түсінбейтіндер көбейіп кетті. Сонда бұлар қайдан шықты, клон емес па екен өздері деген ой келеді кейде.)) «Ел боламын десең бесігіңді түзе» — деген халық даналығын еске алсақ бұл бір қорқынышты үрдіс сияқты.

Өз ойым 11.02.2015 жариялады

5 пікір

Бұрын интернет болмаған, адамдардың бәрі де газет, кітап оқитын деп жатады ғой үлкендер. Қазір біздің миымызды байлап тастаған әдейі, телевизор 24 сағат бойы көрсетеді көрем деген адамға, интернеттегі неше түрлі адамның ойын байлайтын ойын, кино, программалар. Бұрын барлығы кітап оқыған болса, қазір кітап оқитын адамды басқалардан оңай ажыратуға болады. Барлығы айналып келіп сонда деп ойлаймын. Бұрын қорқынышты кино көрсетпейтін дейді, қазір күнде "Ходячие мертвецы" т.б. кинотеатрда да көрсетеді, солар адамды қатыгездікке тәрбиелейді екен, невролог дәрігердің айтуынша. Қорқынышты киноны қорқпай көре алатындар олар уже дұрыс емес, аытқуы барлар екен.
Оның басты себебі - бізде идеология жоқ. Оның орнында: қалай болғанда да баю, жеңіл-желпі өмір сүру - деген қағида үстем. Бұл қағиданы үкімет те, БАҚ-ы да, жалпы қауым да балалардың санасына одан әрі сіңіріп жатыр.
Димаш, дұрыс айтасың, кітап оқитын балалар мен кітап оқымайтын балалардың кісімен әңгімеге араласуы бірден байқалады. Сондықтан жастар ертек болса да кітаптан оқөывғандары жөн ба деп ойлаймын.
Жомарт, менің жаныма бататыны да сол. Біздерді қойшы базардан қайтсақ деп жүрген адамдармыз, енді бір 50 жылдан соң осылай кете берсе қазақтар "бар, жоқ, кет, нақ"-деп сөйлейтін жаны бар роботтар болып кетпей ма?
Бізге жаханданудың кері жақтары жақсы сіңісіп жатыр. Ал оның жақсы жақтары да бар ғой. Мысалы, Жапония өзінің ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жахандану процесіне кіріп алды.
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы