Қызғаншақтық-дерт!

Қызғаныш — махаббат сезімінің ажырамас басты белгісі. Ежелгі гректер айтқандай, ол «миды өртеп, жүректі күл» етеді.Қызғаныш сезімі әр адамда болады. Біреулер онысын айналасына білдіріп қояды. Біреулер іштен тынады. Қалай десек те қызғаныштың тасасында сүйіспеншілік, жақсы көру, өзі сүйген адамды өзгелерден қорғаштау ниеті бар деп ойлайды.

 Меніңше қызғаныш — көкірек көзін көлегейлеп, сананы тұмшалайтын сезім категориясы. Қазақша айтқанда, адамның ақыл-ойына бағынбайтын еркінен тыс әрекет.Қызғанудың жақсы көруге ешқандай қатысы жоқ. Оның ар жағында үнемі күдік жүреді. Неге бұлай? деген сияқты сан сауал миды улап, сананы сансыратады. Қызғаныштың қармағына түскендердің көзі де, санасы да тұмшаланады. Ол басқа дүниені мүлде қабылдамайды. Өз қазанында өзі қайнап, күдігінің түйінін шешу үшін іштей арпалысып, мүжіледі. Кейде мұның соңы қайғылы оқиғаға апарып соғады.Ал бір кездері өзіңе көңіл бөлмеушілік деп түсінеді.

"Қызғаныш бұл -адам өзіне тиесілі затқа біреудің қол сұғуын сезген сәттегі ашуы оянып, жүрегі жылдам соға бастаған күйі"...

 

-аз да болса оқып шыққандарыңызға рахмет!

Таусылмайтын махаббат 11.02.2015 жариялады

3 пікір

Сағанда рахмет қызық жазба екен.
Негізі, қызғаныш деген сүюдің белгісі емес, сенбеудің белгісі.
ууу, биология
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы