Операциялық жүйелердің танымалдылығы

  Компьютерлерге арналған операциялық жүйелер (ОЖ) көп болғанымен, олардың арасында қолданушыларға танымалды болғандары аз. Мен сол танымал операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқашы шолып өтейін.

 6-орында Android ОЖ-сі. Ия, солай. Смартфондардың 80 пайызында орнатылған бұл ОЖ-нің компьютерге арналған нұсқасы былтыр жарық көрді. Плюс: танымал, жеңіл, қосымша программалары өте көп және тегін. Минус: әзір шикілеу.

  5-орында Linux топтамасы: Linux Mint, Ubuntu, Debian, Fedora және басқалары. Плюс: тегін, антивирусты қажет етпейді, жылдам, жеңіл. Минус: онша танымал емес, компьютерлердің 2 пайызында ғана орнатылған.

  4 орында MacOS. Плюс: ең жақсы ОЖ. Минус: бұл ОЖ тек Apple корпорациясының компьютерлеріне (Макинтоштарға) ғана орнатылады. Плюс: айналайын хакерлер кәдімгі компьютерлерге орнатылатын нұсқаларын жасап шығарған (оларды Хакинтош деп атайды), танымал емес 7 пайыз компьютерлерде ғана орнатылған.

  3 орында Windows 8 және 8.1. Плюс: жылдам, әдемі. Минус: көптеген функцияларын пайдалану әдістері басқаша. Бұл ОЖ-ні пайдаланып көргендер көбіне өздері үйренген ОЖ-ге қайта оралады. Компьютерлердің 10 пайызында орнатылған. Себебі, жаңа компьютерлер, әсіресе ноутбуктар осы ОЖ орнатылып сатылады. Өз басым 2-3 күн пайдаландым да, ХР мен 7-ні қайта орнатып алдым.

  2-орында. Дұрыс, Windows XP. Ресми деректер бойынша, компьютерлердің 30 пайызында, бейресми деректер бойынша 50 пайызында орнатылған. Себебі, ресми мәліметтер тек САТЫЛҒАН ОЖ-лерді есептейді. Біз сатып алмаймыз ғой, солай емес пе? ;) Плюс: жылдам, қолдануға оңай, қарапайым. Минус: ХР-ге арнап шығарылған вирустар, трояндар және тағы басқа жағымсыз программалар өте көп.

  1-орында Windows 7. Плюс: жылдам, қолдануға ыңғайлы, Базистік-тен бастап Ультимат-қа дейін көп нұсқалары бар, қорғанысы жақсы, кез келген программа не ойынды орнатуға болады.  Минус: ОЖ-ні шығарған Microsoft корпорациясы осы ОЖ-ден тезірек құтылғанша асығуда. Себебі, 8,8.1, 10 нұсқалардың саудасы жүрмей жатыр. "Сауда мақсаты - ұту" деп атам қазақ бекер айтпаған ))

  

Компьютерлер туралы 11.02.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы