Ұлылардың жұмбақ өлімі

Жошы хан – Тэмудчиннің бәйбішесі Бөртеден туған үлкен ұлы, 1187 жылы дүниеге келген. Маңғолдың даңқты қолбасшысы, азулы батыры болған адам. Бірнешелеген ірі шайқастарда өжеттілігімен көзге түсіп, талай жерді бағындырып, маңғол империясы үшін аянбай еңбек еткен. 1223 жылы Құланбасы деген жерде құрылтай өтіп, Шыңғысхан жаулап алған ұланғайыр атырабын төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, «моңғол атының тұяғы жеткен» төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Бұл жерді «Жошы ұлысы» деп атап, өмірінің соңынан дейін ат үстінде шайқасумен болады. 1227 жылы белгісіз жағдайда қаза табады. Осы тұста тарихшылардың ойы сан-саққа бөлінеді. Бірі соғыстан алған ауыр жарақатынан көз жұмды десе, енді бір тобы «Шыңғыс ханның жансыздары өлтірді» деп мәлім етеді. Ал, өзгелерінің ойы тіптен басқа.

 

Мұстафа Шоқай – 1890 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. Көрнекті қоғам қайреткері, Түркістан автономиясының жетекшісі. Ол жалғыз қазақтың емес күллі түркі халықтарының қамын жеген ұлт зиялысы. Уақытша өкіметтің «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген сөзіне сенбей, жан-жақты ойластырылған саяси бағыт жүргізуге ұмтылды. «Қоқан автономиясының» келешегіне мол үмітпен қарап, еркіндіктің ауасымен тыныстауға ұмтылды. Бірақ, қатал саясат оның бүкіл арманына балта шапты. Соның салдарынан ол Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға ат басын тірейді. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазды. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде белгісіз жағдайда қайтыс болды.

 

Сергей Есенин – әлемге танымал орыстың ұлы ақыны. 1895 жылы 21 қыркүйекте Ресей империясы, Рязань облысы, Кузьминский болысы, Константиново ауылында дүниеге келген. 19 жасында алғашқы өлеңі «Мирок» журналында жарияланды. Осы кезден бастап оның ақындықтағы үлкен жолы басталып кеткен болатын. А.А.Блоку, С.М.Городецкий сынды белгілі қаламгерлер оның қабілетін жоғары бағалайды. Болашағынан мол үміт күттірткен жас ақын 1925 жылы 28 желтоқсанда Ленинград қаласының «Англетер» қонақ үйінде қаза табады. Тергеушілердің дәйектеріне сүйенер болсақ, Сергей өз-өзіне қол жұмасты-мыс. Ал, арада қанша жылдар өтседе оның нақты өлімі туралы деректер жеткіліксіз. Күн өткен сайын құпияға толы сырлардың шеті ашылуда.

 

Мағжан Жұмабаев – қазақтың маңдай алды ақындарының қаймағына айнала білген біртуар тұлға. 1893 жылы 25 маусымда дүниеге келген. Сыршылдық пен өршілдікті ұштастыра отырып, ел тағдырын жалынды жырларына арқау еткен. Өз пікірін ашып айтып, «Алашым» деп ақырған арыстанға большевиктер қолдарынан келгенін жасап бақты. Бірнеше рет түрмеге тоғытып, қатал тәртіппен тағдырын тәрк етпек те болды. Ақыры 1937 жылы 30 желтоқсанда «Жапон тыңшысы» деген айыппен тұтқындап, 1938 жылдың наурыз айының 19-нда ату жазасына кеседі. Бірақ, ақынның өлімін растайтын бір жапырақ бұйрықтан басқа ештеңе де жоқ. Араға 10 жыл салып Бауыржан Момышұлы Мағжан ақынды көргенін айтса, Абдулла Әбдірахманов есімді қария Жұмабаевтың ату жазасына кесілмегенін айтады. Яғни, 1951 жылы ауыр сырқаттан қаза тапқанын жеткізіп отыр. Демек, ашылмаған құпиялар әлі де көп деген сөз.

 

Мұстафа Өзтүрік — 1954 жылы 23 қарашада Түркияның Мұсаходжалы деген жерінде дүниеге келген шығыс жекпе-жегінің қас шебері. Қазақстан Республикасының тоеквондо федерациясының негізін қалаушы ретінде кеңінен танымал. Бала кезінен оқуда алғыр болған Өзтүрік Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайваньда жоғары білімін жалғастырады. 90-шы жылдардың ширегінде атамекенге аңсары ауып, елге оралды. Мұстафа таеквондо спортынан алты дүркін әлем чепионы атанып, 6-шы Дан дәрежесі бар халықаралық жаттықтырушы атағын да имденді. Сондай-ақ, алты тілді жетік меңгеріп, қазақ елінің жарық жұлдызына айнала білді. 1995 жылы Алматыда қаласында жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Сүйегі Түркияда жерленген.

Өз ойым 10.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы