Өз ойым 10.02.2015 жариялады

Не нәрсенің болсада өз мөлшер,шекарасы бар.Мөлшерімен ішкен у да ем болады,асып кетсе өлтіреді.Артығымен жұтсаң ауаға да шашаласың,ал сол ауа болмаса тағы да тұншығып өлесің.Демек барлық нәрсенің екі жағы бар,жаман -жақсы,шуақты — көлеңкелі, пайдалы — пайдасыз дегендей.Қызғаныш та сондай.Өз қалыбынан аспаса ол сезім ,құндылық қорғанышы,ал шектен асып кетсе бүлдіруші.Қызғаныштың сауыты сабыр.Сабырмен ақылға салып безбендесе қызғанышты жеңуге де,өз мүддеңе пайдалануға да болады.Шолақ ақыл,тыз етпе ашу қызғанышты өртке айналдырады да,тас — талқан етеді.Сондықтан да әруақытта сабырды дос қылуға тырысыңыздар.

117,718 сұрақ
302,744 жауап
153,348 пікір
65,081 қолданушы