Мен үшін махаббат жайлы озық пікірлер

Махаббат – күн сайын дәлелдеуді қажет ететін теорема. (Архимед)

Емен – ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде – бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды – өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шығара алады.   (Тургенев)

Бүгінгі күннің тақырыбы – жеке адамға арналған махаббаты көпке деген сүйіспеншілікпен ұластыра білу, екінші сөзбен айтқанда: жеке адамды жақсы көре тұрып, көпті сүйе білудің жолын табу.  (Пришвин)

Өмірден  қол ұстасып өтер жан серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы көре алмайды, коллективін де құрметтей білмейді. Жан-жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген жұмыс, атқарған қоғамдық міндеттеріне де адал бола алмайды... Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы – асыл махаббат жасасын! (Ә.Нұршайықов)
Таусылмайтын махаббат 9.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы