Өлім алдындағы махаббат

Бұл қыз туылған кезінен рак ауруымен ауырып туылған. Жасы енді ғана 14-ке келсе де,көптеген химиядан,операциядан өткен. Өзінің жақындарынан гөрі дәрігерлерді көп көрді. Өмірінің көп уақыты үйінде емес,ауруханда өткен.Аурухананың палатасында үйреніп қалған. Бірде,қыз дәрігер қарауында отырғанда(шашы жоқ,өңі бозарып кеткен) жанында өзінен үлкендеу жігіт отырды. Оның да шашы жоқ,ол да ракпен ауырады. Олар тез танысып алады. Екеуі де дәрігерге қараларда жоғылады. Сосын жігіт қыздың нөмірін сұрап алады. Кейін палаталарына кеткен соң,жігіт қоңырау шалады. Қыз қатты қуанады. Екеуі жақсы әңгімелесіп,жақсы дос болады. Тіпті достан да жақын болып кетеді. Қыз күліп,қуанып,реңі кіріп қалады. Қыздың анасы қатты қуанады. Сөйтіп,бірде ауруханадағы жасөспірімдерге арнайы балл өтеді. Баллға жігіт қызды шақырады,қыз қуана-қуана келіседі. Анасы қызына парик алып,бояндырады. Сөйтіп баллда екеуі билейді,түнді бірге өткізеді. Ертесіне қыз жігітке қоңырау шалса,жігіт алмайды. Қыз өзін тастады деп ойлап,жылап,анасына айтады. Анасы дәрігерлерден жігіт жайлы сұрайды,бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтады... Мұны естіген қыз үнсіз терезеге үңіліп отырады,көздерінен еріксіз жас ағады. Бір айдан кейін қыз да қайтыс болады. Екеуін бірге жерлейді. ( Өмірде болған)
Таусылмайтын махаббат 9.02.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы