Әрқашан біздің жүрегіміздесін, ақын ағай

Бүгін, ақиық ақын, өлеңдерімен жастардың жүрегінен ойып тұрып орын алған, бір туар ұлы ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (шын аты Мұхаммедқали) туылған күні.
Туылған күніңізбен, ақын ағай, сіз әрқашан біздің жүрегіміздесін!

Бүгін менің туған күнім. 
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?! 
Банкет жасап берер едім өзім-ақ, 
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай. 
Мына дүние неге жатыр үндемей?! 
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. 
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, 
«Мынау - шапан, 
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?! 
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен? 
Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп, 
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! 
Айтамын деп қуанышың, мұңынды, 
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! 
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. 
...Тойланбаса тойланбасын, 
He етейін. 
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін. 
Қаламымды берші маған, бәйбіше, 
Болашаққа арыз жазып кетейін...
 

Поэзия 9.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы