Супермаркет халықты қалай алдайды?

супермаркет, тауар

Осыдан 1-2 жыл бұрын, жарты жылдай супермаркетте жұмыс істеп көргенмін..

Супермаркет аралаған, және керек дүниеңді содан алған әрине жақсы! Бірақ, ішінде жүріп түрлі қулық-сұмдықты көріп алған соң,ендігі барғанда күмәнданбай тұрмайсың.. Алдау барлық жерде бар ғой, бірақ өз көзіңмен көрмеген соң оны тіпті байқамайсың да.. Сонымен,мен болған жерде халықты қалай алдайтын еді?..

* Барлық дайын түрде өлшеп салатын тауарларға (мысалы, өлшенген қант, ұн тағамдары, конфеттер. салафан қаптамадағы жеміс-жидектер) үстіне грамм қосып сататын. Оларды басқа бөлмеде өлшеп, дайындайды, өлшегенде, үстіне ауырлау кішкене зат қойып қояды, мысалға кірдің шетінде конфет тұрады.

* Жарамдылық мерзімі өтуге жақын тұрған тауарлар үнемі алдында тұрады, тез өтіп кетуі үшін, жаңадан келген тауарлар үнемі артында.

* Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың қаптамадағы жазуы өшіп қалады. Сондықтан оны білдіртпей сүртіп тастап сата береді.(Мысалға, жылтыр қағаздағы орехтар) Жарамдылық мерзіміне міндетті түрде көңіл аудару керек!

* Ашылған грек жаңғағының яғни, сол сияқты орехтардың ішінде құрт көп жүреді. Оны алып тастаса, құртын түсіріп, басқасын судай жаңа салафанға қайта салып, датасын жаңадан қойып сата береді.

* Көп тұрып қалған конфеттердің, пішінәләрдің күніне жаңа күнді қайта шығарып, үсіне жабыстыра салады.

* Алмалардың көбісі қытайдікі! Оны ешқашан қытайдікі деп айтпайды. Өзіміздікі дейді. Ел оны мәз болып алады.

* Жер қияры мен Миринда деген қиярлар өте ұқсас. Жер қиярының тікенегі аз болады. Және арзан болады, ал миринда қияры біткенде. миринда деп соның бағасымен жер қиярын сата береді.

* 40 теңгенің орамжапырағын 85 теңгеге сатады.Арзан картоп келсе бағасын, атын өздері өзгертіп қымбатқа сатады. Сөйтіп, өздеріне пайда түсіреді.

* Қымбат алмалар бітіп қалса, орнына арзан алманы сол бағамен сата береді.

* Тағам сататын жерде сіздің көзіңізше ғана арнайы қолғап, таяқ қолданады. Жинайтын кезде оны сатушы қолымен асап-асап жеп, бүкіл микробын түсіреді. Таңертен оны сатады. (Салаттар көбіне)
Осы сияқты айлалары көп-ақ. Әр тауардан артық пайда көргісі келеді. Біз білмейтіндері қаншама ғой...( Орыстар 3 сағат жүріп таңдайды, иіскеп, айналдырып, келіп өлшеп.. Сондықтан, асықпай қарап алғандарыңыз дұрыс...

(Бұл менің 1 супермаркеттен ғана көргенім..)

Керім Аянқызы

Пайдалы кеңестер 9.02.2015 жариялады

2 пікір

"* Тағам сататын жерде сіздің көзіңізше ғана арнайы қолғап, таяқ қолданады. Жинайтын кезде оны сатушы қолымен асап-асап жеп, бүкіл микробын түсіреді. Таңертен оны сатады. (Салаттар көбіне)". Демек бұл кісі барған жерде ешқандай видеокамера болмаған ғой. Соншалықты дәреже емес шығыр. Бәріне бірдей топырақ шашпау керек.
Саудадан пайда табу үшін сатушылар да, мемлекет те түрлі айлалар жасайды. Рған өзіміз де үйрендік ))
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы