Адам шайтаны қауіптірек.

Ілгеріде бір екі ғаріп(мүгедек)кісі өмір сүріпті.Біреуінің екі көзі түк көрмейді екен, екіншісінің екі аяғы істемейтін сал екен. Содан екеуі келісіпті, екі жарты бір бүтін болып өмір сүрейік, болмаса екеуіміз де өліп қалармыз депті.Соқыр кісі сал кісіні мойнына отырғызады екен де, сал кісі жолды айтып отырады екен.Екеуі солай ұзақ жылдар елбесіп-селбесіп, біреуден артық, біреуден кем Аллаға ризашылық жасап өмірлерін сүріп жатыпты.Мүмкін солай өмірсүре берер ме еді, бір күні қырсық шалып бұларға шайтанның көзі түсіпті.Иманға, ынтымаққа қарсы ШАЙТАН екеуін шағыстырып, ажыратып қаңғытып жібермекші болып әбден әрекеттенсе де түк шығара алмапты.Содан шаршап жол бойында отырса қасына әзәзіл(адамның шайтаны)келіп;
-«Ей, Шайтан неғып ұнжырғаң түсіп отырсың?»- депті.Сонда Шайтан;
-«Мына пенделер АЛЛАға анық берілген иманды жандар екен, азғыра алмай шаршадым»-депті.Сонда Әзәзіл;
-«Онда оларды мен көрейін азғырып, сен қарап отыр»-депті.
-«Менің қолымнан түк келмегенде саған не жорық»-деп Шайтан күліпті.Содан жолын аңдып отырса екі ғаріп келе жатыр екен.Алдарынан Әзәзіл жүгіріп шығып:
-«Ассамаумағалейкүм қос азамат, достықтың асқан үлгісі сен екеуіңді көрген сайын қайран қаламын, мынау менің бір екеуіңе деген силығым еді,үйге барған соң бөліп алыңдар»-дейді да, көзі бардың алақанын шарт еткізіп бір ұрады да кетіп қалады. Содан кешке үйлеріне кеген соң Соқыр;
-»Әлгі бізге не беріп кетті, бөліспейміз ба»-дейді.Мешел болса оның түк бермегенін, алақанын құр шарт еткізгенін айтып ақталады.Соқыр оған сенбей;
-«Мен неше жылдан бері сенің аяғың орнына сені арқалап жүрсем сен мені алдайды екенсің, бұдан былай сені көтермеймін,өз күніңді өзің көр»-деп кетіп қапты. Содан жүре алмайтын мешел үйде отырып аштан өліпті, ал соқырды көшеде арба қағып кетіп олда мерт болыпты.Бұл әңгімеден шығатын ғибрат не десеңіз, ол АЛЛАның шайтанынан адамның әзәзілі қауіптірек,өмірде абайлап жүр деген болар.
Өз ойым 9.02.2015 жариялады

3 пікір

basqa kisinin' -Jako atanyn' jazbasy emes pe?http://jakoblog.kz/846
Ұрласаңдар да білдірмей ұрласаңдары)))http://jakoblog.kz/846
Бәсе, қайдан оқыдым деп есіме түсіре алмай отырм. :)
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы