Ана, ана, ана

ана, ана туралы

Ене мен күйеу баланың арасындағы әртүрлі анекдоттардың барлығы орыстарға тиесілі. Қазақта ондай қағытпа жоқ. Егер бірді-екілісі болып жатса, онда ол сол орыстарға еліктеген әзілкештердің жемісі. Қазақ енесін күлкі қылмаған. Құрметпен қараған. Сыйлаған. Әйелімнің шешесі, ұл-қызымның нағашы әжесі деп бағалаған. Сөйте тұра ешқашан өзінің туған анасын жақсы көргендей жақсы көрмеген. Анасына теңемеген. Бізге дейінгі ғасырлар бойы солай болған. Солай болып қалады да.Солай болғанының дәлелі қайсы дейсіз ғой. Рас, дәлел сұрау сіздің міндет. Дәлелдеу біздің міндет. Қазақ поэзиясын тұтастай қопарып шығыңыз. Әр ақында ана туралы өлең бар. Бірақ ене туралы өлең жоқ. Қазақта көңіл тербейтін әндердің барлығы анаға арналған. Ене туралы еңболмаса бір ән болсашы. Ән мен жырдың махаббаттан туатынын ескерсек, біздің сөзіміз дәлелді болмақ. Және сол ана туралы әндердің бірде-бірі енеге жақындатуға келмейді екен. Енді отырып қарайық.
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең, 
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды,-деген жолдар қандай керемет ия. Енді осыны «Енешім шалқып күлсең,..» деп айтып көріңізші. Қайран сөз бен қайран әннің құты қашып кетеді. Және «енесі бар адамдар, ешқашан қартаймайды» десеңіз дұшпан түгілі, досыңыз күледі.
Және «Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын» деген жолдар да анаға ғана лайық. «Сен бердің құстардың, қанатын самғаған» деп енеңе қалай айтасың? Әкең естісе жетіскен екенсің демей ме?
«Көргенше алаңмын, Аңсаймын, толғанам. Қабыл ал, балаңның, Сәлемін жолдаған»,-деген жолдар туралы да айтарымыз осы. «Қабыл ал күйеу балаңның сәлемін жолдаған» десеңіз бұл ән жұрт көңілінен шықпақ түгілі қазақ баласы бір рет те таңдай алмас еді.
Қолыңыз босай қалғанда Еркін Нұржанның орындауындағы «Ана қадірін» бір тыңдап алыңыз. Майлықожадан асырып кім, не десін?
Бұның барлығын жазғанда ененің қадірсіздігін емес, ананың баға жетпес қадірін тағы да бір еске алған жайымыз ғана. Қазақ енесі түгілі әкесін де анасына теңгермеген. Мұсылманшылықта да солай. Пайғамбарымыз айтқандай әуелгі үш жақсылық анаға. Одан кейін барып қана әкеге. Ал, енеге 31 жақсылықты жасаңыз.

Өз ойым 10.01.2015 жариялады

2 пікір

Мәліметтерді қайдан алдыңыз?
Мусылманда кез келген ананы оз анандай кору керек
115,819 сұрақ
293,609 жауап
152,783 пікір
59,728 қолданушы