Драйверлерді орнатып алудың ең қарапайым әдісі

Компьютерге не ноутбукқа жаңа операциялық жүйе орнатқаннан кейінгі басты жұмыс - сәйкес драйверлерді орнатып алу. Кейбіреулер Driver Pac сияқты салмағы 12-18 гигабайт келетін ауыр программалар арқылы орнатып жатады, кейбіреулері компьютермен бірге келген диск арқылы орнатады. Бірақ, уақыт өткен сайын программалардың күрделене түсуіне байланысты драйверлер де жаңарып отыруы керек. Ол үшін не істейміз? Оның ең оңай жолын мен білем.

Тегін және жеп-жеңіл SlimDrivers программасын жүктеп орнатып алу керек. Жазулары ағылшын тілінде болғанымен, түсінікті. Программа компьютерге қандай драйверлер керек екенін анықтап, керекті драйверлерді Интернеттен өзі іздеп тауып, орнатады.

Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы