Mozilla Firefox браузерінің артықшылықтары

Күні кешеге дейін Интернетте толастамаған "браузерлер соғысында" қазір аздап тыныштық орнаған сияқты. Алып корпорация Google бұрын қолданушыларға онша таныс емес Chromium браузерінің негізінде Google Chrom атты қарапайым әрі жылдам браузерін жасап шығарды. Енді осы корпорация ерекше автомобиль жасап шығаруды қолға алыпты. Сәттілік тілейміз!

Қазір браузерлер соғысынан екеуі ғана жеңімпаз болып тұр. Олар жаңа айтқан Хром және менің ескі досым Мозилла. Яндекс-браузер, Опера, Комодо Дракон, басқа да толып жатқан жаңа браузерлердің барлығы да Хромның көшірмелері.

Мен ескі Мозилланы не үшін жақсы көремін дейсіздер ғой? Бұрыннан үйреніп қалғандықтан емес. Артықшылықтарын санап берейін:

1.Жылдамдық жағынан Мозилла Хромнан бір де миллисекундқа қалыспайды.

2.Мозилланың да жұмыс экраны барынша үлкен және қолайлы.

3.Мозилланың салмағы Хромнан 8-10 есе жеңіл.

4.Мозилланы орнатқаннан кейін, оған арналған темалар, дополнения мен расширенияларды қарап көріңіз. Миллион! Таңдап ал да, ұнағанын орната бер. Мозилланы адам танымастай етіп, браузер емес интернет-комбайн етіп өзгертіп алуға болады.

5.Хром-дағы сияқты Мозиллада да іздеген сөзіңді бірден адресная строка-ға жаза беруге болады.

Мен компьютерге Мозилланы орнатқаннан кейін бірден үш қосымшасын орнатып аламын. Олар: AdBlock Plus (жарнамаларды көрсетпей тастайды), Ghostery (есептегіштер мен шпиондық программаларды, жучоктарды құртып отырады), FastDial (ең қажетті сайттардың картинкалары, картинканы басып бірден сол сайтқа кіре бересің). Одан кейін 1-2 темалар мен тағы да керегінше қосымшалар орната беремін.

Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы