Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады

Интернеттен әртүрлі форматтағы файлдарды (музыка, видео, кино, программалар) жүктеп алуға арналған программалар баршылық. Мысалы, Download Master, Internet Download Manager сияқты жеңіл программалар бар. Бірақ, уақыт өте келе көптеген сайттар оларға шектеу қойып тастаған.

Файлдарды Интернет арқылы жүктеп алуға ең сенімді бір программа (танысып қойыңыз) - EagleGet программасы. Бұл программа жеңіл, торренттерден басқасын жылдам жүктейді. Тіпті, өзінше кірпияз YouTube сайтынан да өзіңнің көңілің қалаған видеоны жүктеп береді. 

117,322 сұрақ
300,232 жауап
153,149 пікір
63,993 қолданушы