YouTube сайтынан видео жүктеп алудың ең оңай жолы

Интернет қолданушылардың ең көп кіретін сайттарының бірі - ол Google корпорациясының меншігіндегі YouTube видеохостингі. Бұл сайттың бірнеше функциялары бар: видеофайлдар (кино, мультфильмдер, видеоклиптер) көру, өз видеофайлдарыңды жүктеу, жеке аккаунт ашу, жеке канал ашып ақша табу. Ал енді сайттан видеофайлдарды жүктеп алуға келгенде, аздап қиындықтар туады. Өйткені, сайт әкімшілігі кейбір санаттағы видеофайлдарды көшіріп жүктеп алуға шектеу қойған.

Сондықтан, біз ондай шектеулерді ысырып тастап, өзімізге керекті видеофайлдарды жүктеп алуымыз керек. Қалай? Оп-оңай. Құдай бере салған Mozilla Firefox браузерінің баптауларына кіріп, "Дополнения" деген бөліміндегі "Поиск" терезесіне 1-Click YouTube Downloader деп жазамыз да, берілген сілтемені басып осы қосымшаны браузерге орнатып аламыз. Енді YouTube сайтына кіріп, видео қараған кезімізде "Download" деген қызыл жазу шығып тұрады. Соны бассақ, видеоның сапалары туралы тізім шығады. Мен өзім бірыңғай ".мр4 360" форматын таңдап аламын. Соны бассаң болды, 15-20 минуттық видео 2-3 минутта компьютерің жүктеліп болады. 

Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады

4 пікір

Жұрттың бәрі YouTube тен видео жүктей алмай жүр ау дей шамасы, мына жазбаңыз СЖ блогын жарды))
Өзімнің білген-көрген, көзім жеткен жайттарды жиірек жазып тұрғаным дұрыс болады екен.
Көбісі қиналады осы видео жүктеп алудан)
рахаты savefrom ғой
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы