Windows XP-дің заманы бітті ме?

Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана 12 жыл бойы әлемдегі ең танымал операциялық жүйені ресми түрде қолдау тоқтатылды деп жарияланған болатын. Ізі суымай жатып Windows 7 операциялық жүйесін де ресми қолдау тоқтатылды. Бұл әрине Майкрософт корпорациясының коммерциялық қулығы. Мысалы, менің компьютерімде де, менің жұмыс орнымдағы компьютер мен ноутбукта да ХР де, 7 де қатар орнатылған. Екеуіне де жаңартулар үзбестен келіп тұр. Оның себебі неде?

Қазірге операциялық жүйелердің рейтингтерінде тек қана РЕСМИ ТҮРДЕ САТЫЛҒАН операциялық жүйелер ғана есепке алынады. Ал біздің халық пираткалар тұрғанда сатып алып қайтсын )) Бір сайттан Германия мен Қытайдағы барлық дерлік мекемелердің компьютерлерінде айналайын ХР орнатылып, жұмыс істеп тұр екен. Сондықтан, ХР-ді қолдау 2019 жылға дейін созылмақ екен. Меніңше, Windows XP ешқашанда қолданыстан шықпайтын сияқты. Билл Гейтстің өзі де " Майкрософт корпорациясы әлі күнге дейін ХР-ден асатын ыңғайлы және сенімді операциялық жүйе жасаған емес" деп айтқан екен.

Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады

4 пікір

Иа XP-лар әлі күнге дейін қалыпты жұмыс жасап келеді
Біздің елде де мекемелердің компьютерлерінің көпшілігінде ХР орнатылып тұр.
Ия менде де ХР орнатылған компьютерлер бар, жақсы жұмыс жасайды. Сосын бір сұрайын дегенім пираттық операциялық жүйлерге жаңартулар жасауға болма?

Менің үйдегі компымда ХР мен 7 орнатылған. Жаңартулар келеді, мен оларды орнатпаймын. Себебі, жаңартулармен бірге, ОЖ-нй жоятын программа да келеді. Сол үшін.

116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы