Танысыңыз, жаңа антивирус 360 Total Security !

Мен 1999 жылдан бері Интернетте отырып, әртүрлі операциялық жүйелер мен программаларды сынап көріп жүрмін. Жаңадан бір программа шықса, соны қолданып, жақсылы-жаманды қасиеттерін өзім сынап көргенше асығамын. Енді осы өзімнің жақсы көретін Сұрақ-Жауап сайтында солар туралы өзімнің білген-түйгендеріммен бөліскім келеді.

  Компьютерді және ондағы барлық ақпараттарды сенімді қорғау үшін қажетті программалар: бірінші әрине - брандмауэр (файерволл деп те аталады), екіншісі - антивирус. Егер оларды вирустарды ұстап қалатын сүзгіге теңесек, онда брандмауэр - ірі көзді сүзгі де, ал антивирус - майда көзді сүзгі деуге болады. Брандмауэр кез келген операциялық жүйемен бірге автоматты түрде орнатылады. Сондықтан, оған тоқтамай-ақ қояйын.

  Антивирустың жүздеген түрлері бар. Бізде ең танымалдылары: Avira, Avast, Kaspersky, Doctor Web, ESET NOD32. Көпшілік пайдаланушылар соларға сенеді. Олар көп жарнамаланады да. Бірақ, жаңа антивирус дегеніміз - сенімсіз антивирус деген сөз емес. Оған бір мысал: жаңадан шыққан қытайлық Qihoo корпорациясының 360 Total Security антивирусы. Жақсы жақтары: Тегін. Тез орнатылады. Орнатылып болысымен бас-аяғы 4-5 минутте компьютерді тексеріп, оптимизация жасайды, вирустарды және артық мусорларды жояды, Wi-Fi қызметін жөндеп қояды. Компьютердің оперативтік жадына салмақ салмайды. Тып-тыныш өзі жаңартылып отырады. Анықталған вирустарды "жояйын деп жатырмын" деп ескертеді. Операциялық жүйе мен программаларға жаңартулар келсе, ескертіп рұқсат сұрайды. Осы антивирусты 3 ай бойы сынадым, түрлі сайттарға кіріп көрдім, түрлі программаларды жүктеп көрдім. Керек емес жерге кіргізбейді, вирусы бар программаларды жүктетпейді. Қазір антивирустардың рейтингтерінде (әр айда әр елде әртүрлі) 2-4 орындарда.
Компьютерлер туралы 8.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,095 қолданушы