Тылсым айнаның бұйрығымен әке-шешесін және сіңілісін өлтірген...

Төрт адамнан тұратын Керри Эвансьтің отбасы отағасының қызметіне байланысты провинциядан қалаға көшіп келеді. Керридің отбасына қала шетіне қарай оқшаулау тұрған үй бұйырады. Екі қабат етіп тұрғызылған үйден Керридің екі қызына жеке-жеке бөлме тиеді. Қыздарының үлкені Моника 19 жасар, ал кішісі Элизабет 11 жаста болады. Моника әке-шешесіне өз бөлмесіне қажет жиһаздарды өзі таңдап алғысы келетінін айтады. Ата-анасы келісімдерін береді.

 

Қала дүкендерін аралап жүріп Моника бір сауда орнынан шеті ағаш оюлармен көмкерілген айнанға көзі түседі. Адам бойындай айна өте әдемі екен, бірақ бағасы қымбат. Сондықтан Моника оны алмайтын болып шешеді. Төрт күн дүкендерді аралап, айнадан басқа, барлық қажет жиһаздарды сатып алады. Алғаш айнаны көрген дүкенге күнде бір кіріп шығуды әдетке айналдырған Моника сол дүкенге тағы барады. Ол дүкеннен ештеңе қажет болмаса да, қандай да бір күш Мониканы күнде сонда жетектеп апаратын.

 

Моника бөлмесіне қажет заттардың бәрін алды, ендігі қажеті айна ғана еді. Сондықтан ба жоқ әлде тылсым күш басқарды ма, бесінші күні де дүкен аралауды сол сырлы айна тұрған дүкеннен бастады. Бұл жолы ол айнаның алдында ұзақ тұрды. Мына айна өзін өте әдімі етіп көрсетеді екен. Тіпті айнамен тілдескендей сезімде болды. Айна «мені сатып ал» деп қиыла сұрайтын сиқты. Моника сол күні басқа ешқайда бұрылмай, сол дүкеннен үйіне қайтады. Кешке әкесіне дүкенде өзіне ұнаған айна көргенін, бірақ бағасы аса қымбат екенін, сол айнаны алғысы келетінін айтады. Әкесі қызының көңілін жықпай, қажет ақшасын береді.

 

Ертеңінде айнаны әкеліп бөлмесіне қояды. Бөлмеге айна ғана жетпей тұрғандай екен. Айна қойылған соң бөлме іші тіптен жайнап кеткендей болды. Мониканың қуанышында шек болмады. Моника кешке әкесі мен анасын бөлмесіне ертіп әкеліп, айнаны көрсетті. Айнаның бағасын естігенде анасы реніш білдірді. Әкесі де соншалықты қуана қоймады. Өйткені, оларға айна Моника дәріптегендей керемет болып көрінбейді. Ата-анасының көзқарасы Мониканың көңілін құлазытады. Ата-анасы шығып кеткен соң Мониканың бөлмесіне сіңілісі кіреді. Ол айна алдына келіп, өзіне қарап, бойын түзей бастайды. Сол сәтте Мониканың бойында түсініксіз бір қызғаныш сезімі пайда болып, сіңілісі айнаға қаратпай қояды. Апайының бұл ісіне ренжіген сіңілісі, «айнаң жаман, маған қажет емес» деп кетіп қалады.

 

Сол күнен бастап Мониканың бойында өзгеріс пайда болады. Ол бұрынғыдай сіңілісі мен ойын ойнауды да қояды. Ас іше сала бөлмесіне кіріп, есікті жауып алып, бар уақытын айнаға қараумен өткізеді. Айнадағы өз бейнесімен өзі сөйлесуді әдетке айналдырады. Енді оның сырласы да, досы да сол айна болады. Бөлмеге өзге жанды жолатпайды. Еркелеп келген сіңілісін де табалдырықтан аттатпай, қуып шығады. Қызының бойындағы өзгерісті байқаған ата-анасы Моникамен сөйлеспек болады. Бірақ оларынан ештеңе шықпайды. Моника іштегі сырын ашпай қояды. Солай уақыт жылжи береді. Уақыт өткен сайын Мониканың мінезі одан сайын тұйықтала түседі. Ата-анасына да, сіңілісіне де қатаң қабақ танытып, бойында оларға деген агрессия пайда болады.

 

Бір күні түн ортасында Моника біреудің шақырған дауысынан оянып кетеді. Басын көтеріп қарайды. Дауыс айнаның ішінен шығып тұр. Бір қызығы, Мониканың бойында ешқандай қорқыныш болмайды. Белгісіз бір тылсым күш Мониканы орнынан тұрғызып, айна алдына апарады. Моника айнадан өзінің бейнесін емес, бейтаныс біреудің бейнесін көреді. Бейтаныс бейне Моникаға, «әке-шешең мен сіңлің сені де, мені де ұнатпайды. Егер сен оларды өлтірмесең, олар екеумізді де өлтіреді, сондықтан асханада тұрған үлкен пышақты алып, оларды ұйықтап жатқан жерінде өлтір» деп бұйырады. Моника айнадағы бейтаныс бейненің бұйрығымен әке-шешесі мен сіңілісін өлтіруге барады. Қатты ұйқыда жатқан әкесі жүрекке қадалған пышықты сезбеген күйде о дүниеге аттанады. Анасын да дәл солай өлтіреді. Сонан соң ата-анасының өлі денесіне қарап аз-кем отырады.

 

Сол кезде құлағына «енді сіңіліңді өлтір» деген дауыс есітіледі. Белгісіз тылсым күш Мониканы сіңлісі жатқан көрші бөлмеге бастап апарады. Жүзінен қан тамшылаған пышақты қолына қыса ұстап, сіңлісі жатқан бөлмеге кіреді. Бөлмеге кіре бер тоқтай қалады. Мониканың құлағына «бейкүнә сәбиді өлтірме» деген дауыс есітіледі. Моника есін жия бастайды. Бірақ, бір өктем дауыс «өлтір» деп бұйырады. Моника төсектің жанына келіп сіңілісінің үстіне төніп, пышақты екі қолымен ұстап, жоғары көтереді де тағы тосылып қалады. Құлағына «Моника мені өлтірмеші» деген сіңілісің жалынышты үні келеді. Мониканың көзіне жас үйіріліп, есін жия бастайды. Сол сәтте бағанағы бұйырықты өктем дауыс «өлтір, өлтір» деп біреше рет қайталайды. Бүкіл үй ішін «өлтір» деген жаңғырған дауыс басады. Моника есін жиғанда, сіңілісінің жүрегіне қадалып тұрған пышақты көреді. Сол сәтте есінен танып қалады.

 

Моника есін жиғанда үйде жандармдар жүреді. Олар бұл Мониканың ісі екенін бірден біледі. Өйткені, Мониканың үсті-басы қанға малынған еді. Тергеу кезінде Моника әке-шешесі мен сіңілісін айнаның бұйрығымен өлтіргенін айтады. Алайда оған ешкім сенбейді. Есі ауысқан деп Мониканы жындыханаға жатқызады. Моника өмірінің соңына дейін жындыханада жатып, 1943 жылы қайтыс болған екен.
 

Өз ойым 7.02.2015 жариялады

1 пікір

Қандай қайғылы оқиға((Бұл негізі өмірде болған оиға ма??

116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы