Сыңарыңызды тапқыңыз келе ме?

18 деген  жігіт-желең мен қыз-қырқынның лапылдап тұрған жас шағы, қылшылдап тұрған бал кезі емес пе? Он сегізді ойнап-күліп өткізерміз-ау, осыдан соң-ақ бәріміз де өмірлік жар іздестіруді бастаймыз. Біріміз ерте, біріміз кеш іздестірсек те, түбінде әйтеуір бір жан жолдасың, ғұмырлық шамшырағыңды табатын кез келеді. Міне, сол шақта өмірдегі ең маңызды екінші таңдауды қалай дұрыс таңдау жөнінде кеңес міндетті түрде керек болады. Жігіттер қалай өмір сүруді (выживание) білсе де, қалай бақытты өмір сүруді білмейді. Бақыт үшін кімнің керек екендігін білмейді. Ол жігіттердің кінәсі емес, олардың бұл істе білім, тәжірибелері жоқ.

Өзім жігіт болған соң «жігіт» деп сөйлей берейін, бірақ екі әлемге де ортақ тілмен сайрайтын боламын.

Ерте ме, кеш пе, түбінде жар айналып «қазығын» табады. «Бұйырған кетпейді».

Өмірде мінсіз кісі болмайды (кім не десе де). Жігітке жары ешқашан да идеал, мінсіз, 100 пайыз боп ешқашан кездеспейді. Шын махаббат пен пәк сезім ғана барлық кем-кетікті толтырады. Жақсы жар әрқашан өз жұбайының жақсылығын асырып, жамандығын асырып отырады.

Қыз болсын, жігіт болсын, ғашығын таңдар алдында міндетті түрде кеңес сұрайды. Ондай сұрақтар осы Сұрақ-Жауап сайтынан да, басқа ғаламтор желілерінен де, тіпті өзіңіздің өміріңізден де табылады. Барлықтарыңызға айтарым, ондай кеңестің қажеті жоқ.

Тоқсан сөздің түйіні мынау ғана: өзің біл, өзің ойлан, өзің есепте және өзің шеш. Адам өз сүйіктісін мінсіз деп есептеп, шаң жуытпауы мүмкін, ал бірақ міндетті түрде бұл ойымен келіспеушілер де табылады. Ал кеңес сұрау мақсатында осындай «ақылгөйлердің» біріне жолығып, оның сөзіне иланып қалсаң, қолыңа қонып тұрған бақ құсын ұшырып жіберуің де ықтимал. Ал егерде кеңес берушінің сөзі рас болса, онда сенің дер кезінде керекті нәрседен құлағдар болғаның, ажал аузынан аман қалғанмен пара-пар.

Сондықтан да жүрегіңнің жартысын іздеу базардан ат немесе қоян сатып алу емес, онда біреудің кеңесіне жүгінуіңе әркез болады. Ал бірақ бүкіл өміріңде жаныңда болатын жанды таңдағанда кеңестің оң немесе теріс мазмұны сіздің бақытыңызға жол ашуы неғайбіл, сондықтан кім болса да, көзбен көрмеген, тек естіген нәрсеңізге ғана сенгеніңіз жөн болар.

Біреу екінші адам жайында асығыс пікір айта салады, ал екіншілер тиянақты, бірақ қате пікір айтады. Оның үстіне ғаламтордағы достарың өздері көрмеген, білмейтін адамы туралы осылай, осылай деп тіпті де айта алмайды. Бәлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман көрінгенімен, негізінде ол жақсы адам болып шығар, кім біледі?

Осы себепті кемшіліксіз жар іздемеңіздер, мінсіз адам болмайды. Шын сүйіп қосылған жұптар бір бірлерінің кемшіліктерін түзетіп әкетеді.

Таусылмайтын махаббат 7.02.2015 жариялады

1 пікір

Әрине, кемшіліксіз пенде жоқ.
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы